shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

СЕЙІЛОВ Жақсыкелді, композитор

СЕЙІЛОВ Жақсыкелді, композитор

  Қазіргі Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Алғабас ауылында туған.  Әнші-орындаушы,

әуесқой композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1990). Ол Қарағанды қаласындағы мүгедек балаларға арналған мектепте оқып, білім алған. 1970 жылдары бұрынғы Жезказған облысында "Қарагөз" және "Жезкиік" ансамблін ұйымдастырып, өзі осы шығармашылық ұжымға арнайы әндер жазумен айналысты. Оның әндері адамның ой-сезімін үлкен әсерге бөлейтін мұңға толы лириқалық әуен-сазымен ерекшеленеді. Кезінде Сейіловтің ақын Қ. Салықовтың "Жезкиік" өлеңінің мәтініне жазған әні республикалық эфир арқылы бүкіл Қазақстанға тарады. Бұдан басқа "Айналайын, қанатым", "Әке туралы ой", "Ана туралы баллада", "Кездесу", "Ұлытау" әндері жүрек сезімін қозғайтын перзенттік борыш пен мейірімділікке, сағынышқа толы музыкалық шығармалар болып табылады. Сейілов Жезқазған филармониясының шығармашылық ұжымы құрамында Қырғызстан, Өзбекстан және Моңғолияда болып, өнер көрсетті. Республиқалық эстрада артистері байқауының лауреаты және "Жігер" фестивалінің жеңімпазы болған.