БАБЫР Бөкенбайұлы
( 1770–1864) Ұ лытау ө ңірінде дүниеге келген. «Бағаналының төрт босағасының бірі» атанған би. Ол жастайынан қоғамдағы орын алып отырған әлеуметтік мәселелерді шешуге араласқан. Ел ішіндегі даудамайларға төрелік айтып, беделі артады. Оған халқының Бабырды құрметтеп, «би» атауы дәлел. Ел сенімін арқалаған Бабыр би 1832 жылы Қызылтаз-Ибеске-Жұртшы болыстығының болысы болып сайланады. Ол бұл қызметін 1858 жылға дейін үздіксіз атқарған. Бабыр бидің болыс болып тұрған тұсы Арқа жерін Кенесары Қасымұлы бастаған азаттық үшін күрестің толық қамтыған кезі. «...Бабырдың бақандай он ұл, балауса он екі немересінің Кенесары ханның жасағында бастанаяқ болғандығының өзі оның туған елінің азаттығы мен дербестігін аңсаған дара тұлғалардың бірегейі екендігін аңғартады» – деп көрсетеді кітабында Қ.Ахметов («Ұлы даланың Ұлытауы», I том, 191-бет). Бабыр Кенесары ханды ашық қолдап отырды. 1844 жылы 14 ақпанда орыс әскерлеріне тұқынға түскен Қ.Киікбаев өзінің берген жауабында бұл турасында айта келіп, «Бабыр биге Кенесары жақсы атын сыйға тартты» – деген мәлімет келтіреді (ҚР ОММ, 374-қ, т–1, 1с–1290, п203–206). Ел аузында Кенесары хан оңтүстікке қоныс аударарда Бабыр бидің оның болашағын болжап айтқан сәуегейлігі туралы әңгіме де сақталған. Бабыр би Жезқазғанның жерасты байлықтарын халық игілігіне пайдалану қажеттігін замандастарынан бұрынырақ біледі. Кезінде 1847 жылы 10 қарашада Қызылжар саудагері Н.Ушаков Жезқазған кенді аймағын Бабыр Бөкенбайұлы мен Шиян Таңсықбергеновтен 400 сомға сатып алған. (Қ.Ахметов. «Ұлы даланың Ұлытауы», Омбы, 1999, I том, 194–195 бб. В.Николаев. Багаланинци исконные хозяева Жезказганской земли. «Жезказганская газета», 28.01.1998). Өз кезегінде ел ішіндегі тыныштықты сақтауға мүдделі болған патша шенеуніктері де Бабыр бидің беделіне жүгініп отыр- ған. Оған дәлел – Орынбор губернаторы, граф В.Перовский Омбы губернаторы Г.Х.Гасфортқа жазған хаттарындағы берген ақыл-кеңестері. Өмір жолын елінің амандығы мен бірлігіне арнаған Бабыр Бөкенбайұлының қайтыс болған соң денесі Түркістанға жеткізіліп, Қ.А.Йасауи кесенесіне жерленген.