БАЙМАҒАНБЕТОВ Демберген
1932 жылы Қостанай облысы, Жетікөл ауданы, Аманқарағай ауылында туған ол өндіріске араласуды Жезқазған шахталарында (1951) забойшы болудан бастады. Оның 30 жылдық кеншілік ғұмыры Оңтүстік Жезқазған кенішінде өтті, № 65 шахтада забойшылар бригадирі болды, еңбек көрсеткіштерінің жоғары шыңына жетті. Мәскеудегі «Экономика» және «Планета» баспаларынан жарық көрген «Оныншы бесжылдық ерлері» кітабында есімі құрметті адамдар қатарында жазылды.
Ол Кеңес кәсіподақтары сыйлығының лауреаты (1982), Қара және Түсті металлургия саласының шамшырақтары саналған Макар Мазай, Алексей Семиволос және Михайл Путин атындағы диплом иесі, Социалистік Еңбек Ері (1976), Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы атанды. 2020 жылы қайтыс болды.