АСАТОВ Садық
1933 жылы 1 мамырда Ұлытау ауданы Сарлық ауылында туған. Қазақ кен-металлургия институтын бітірген. Еңбек жолын Жезқазған кен-металлургия комбинатының №51 шахтасында кен мастері болып бастаған. Кейін шахта бастығы, кеніш директоры, Жәйрем кен-байыту комбинатының Бас директоры болды. Оның зор ұйымдастырушылық қабілеті Жәйрем полиметалл кен орнын игеруде айрықша көрінді. Кен байыту кәсіпорны өндірістік қуатының бірінші кезегі мерзімінен бұрын иегерілді. Ол КОКП ХХV съезіне делегат болып сайланды. Октябрь революциясы, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. Садық Асатов есімінде Сәтбаев қаласында, Жәйрем кентінде көшелер бар. Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің үздік студентіне С.Асатов атындағы шәкіртақы тағайындалған. Ол Сәтбаев және Жезқазған қалаларының Құрметті азаматы.
Ол тамаша ақын еді. Өлең - жырлары жұртшылыққа жақсы таныс. «Құштарлық», «Сәлем де Кішітаудың Серегіне», т.б. жыр жинақтары жарық көрген.
1988 жылы қайтыс болды