Аманғали ЕРБОЗОВ
Ақын, дирижер. Республикалық "Жігер" фестивалінің лауреаты.
1950 жылы Маңғыстау облысы, Сартас ауылында туған. 1973 жылы әл-Фараби атындағы Шымкент мəдени – ағарту институтын бітіріп жолдамамен келіп, сол кезде жаңа ашылып жатқан Сәтбаев қаласындағы мəдени-ағарту училищесінде оқытушы болып еңбек жолын бастаған. Осында ол 1997 жылы училище тарағанға дейін жұмыс істеді. Аманғалидың отты жырлары сол жылдарда облыстық «Жезқазған туы» газетінде үзбей жарияланып тұрды. Топтамасы 1983 жылы «Жалын» баспасынан шыққан «Қарлығаш» атты жинаққа енді. 2011 жылы «Аманат» атты жыр жинағы жарық көрді.