КЕНТАЕВ Қасымхан
Кенші, Социалистік Еңбек Ері.
1936 жылы 1-ші желтоқсанда Ұлытау ауданы «Ұлытау» совхозында туған. Еңбек жолын 1953 жылы забойшы болып бастаған. Кейін Оңтүстік Жезқазған кенішінің №65 шахтасында забойшылар бригадасын басқарды. Көне шахтаның бірі – «Кресто-Батыста» еңбек етті. Оңтүстік Жезқазған кенішінің №44 шахтасында ескі технологиялар бойынша (қол перфоратор және скреперлік лебедка) жұмыс істейтін забойшылар үздіктерінің бірі атанды. 1966 жылы «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды. 1971 жылдың 30-шы наурызында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумның Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды.
1994 жылы дүниеден өтті.
Қ.Кентаев кен өндірісінің ардагері, Ленин орденінің иегері Әбдіраман Бөпейұлына әлдебір марапат тапсыруда.