БЕКМАҒАНБЕТОВА Мәуия
1950 жылы Ұлытау ауданы Айыртау ауылында туған. 1988 жылы Жезқазған педагогикалық институтын бітірген. Көптеген жылдар Жезқазған мәдени-ағарту училищесінде ұстаздық етті. 1998-2000 жылдары "Байқоңыр" кинотеатрында, 2000-2011 жылдары Сәтбаев қалалық Оқушылар сарайында директор болды. Қазіргі кезде қалалық "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы. Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы, "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" және "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" медальдарының иегері. "Кеңгір самалы" жыр жинағының авторы, өлеңдері бірнеше жинақтарға енген.