shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

​ОМАРОВ Ғазиз

​ОМАРОВ Ғазиз

1925 жылы Қарағанды облысы  Ұлытау ауданы Қаракеңгір ауылында туған.1949 жылы Қазақ Тау-кен институтын бітірген. Еңбек жолын 1940 жылы Жезқазғандағы №31 шахтада смена бастығынан бастаған.Содан кейінгі жылдары осы шахтада бас инженер,№42-47 шахталардың бастығы Жезқазған кен басқармасында партком хатшысы болып қызмет атқарды. Ғ.Омаров қазіргі кезде оның өзінің есімімен аталатын Жезқазған шахтапроходкалау тресінің негізін қалап, ұзақ жылдар бойы оның басқарушысы болды.

1970 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 1981 жылы оған   Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 7-ші сайланған  ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты болды. Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы.

Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевпен бірге Жезқазған шахталарын аралау.