АХАНОВ Мұзараф
1934 жылы 24 желтоқсанда Ұлытау ауданы Аралтөбе ауылындатуған. Қазақ тау-кен металлургиялық институтын (1958), Алматы жоғарғы партия мектебін (1977) бітірген. Еңбек жолын 1958 жылы аға коллектор, Жезқазған кешенді геология-барлау экспедициясының инженер-геологы болып бастады. Академик Қ.И.Сәтбаевтың жалпы басқаруымен жүргізілген Жезқазған кенорнының полиметалдық қорын есептеу жұмысына қатысты. Батыс Жезқазған кеніші бас геологының орынбасары, жаңадан құрылған Жезқазған шахтаүңгілеу тресінің бас геологы (1964-1965) болып жұмыс істеді. 1973 жылы ЖШПТ партия комитетінің хатшысы (1967), Никольский қалалық партия комитетінің 2-ші хатшысы болып сайланды. 1982-1985 жылдарда Никольский қалалық Кеңесі атқару комитеті төрағасы, 1986-1996ж.-№1 шахтапроходка басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. "Құрмет" , «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Астанаға 10 жыл» медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Құрмет грамотасымен марапаталған. Бірнеше мәрте жергілікті Кеңестердің депутаты болып сайланды. Қарағанды облысының және Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы.