shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

АЯШОВ Райымбек

АЯШОВ Райымбек

1953 жылы 12 қаңтарда  Жезді ауданы Қарсақпай поселкесінде туған. 1973 жылы әскери міндетін өтеді. Қарағанды политехникалық институтын (1978), Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын (1995), Қазақстан-Ресей университетін (2007) бітірген. 1978-1994ж. – халықшаруашылығының әртүрлі салаларында еңбек етті: совхоздың бас инженері, аудандық «Казсельхозтехника» бірлестігі инженері, Жезді автокөлік кәсіпорнының директоры, Жезді аудандық халық депутаттары Кеңесінің төрағасы, Жезді аудандық әкімшілік басшысының бірінші орынбасары болды. 1995-2003ж. «Қазақмыс» корпорациясы МжКБ (УМиТ) кәсіпорнының директоры, қаржы-есеп басқармасының бастығы, Сәтбаев қаласы жылу-сумен жабдықтау кәсіпорны директоры, Сәтбаев «Жолжылусуқұрылыс» (Дортепловодстрой) тресінің бас директоры, Солтүстік Жезқазған кеніші директоры қызметтерін атқарды. 2003 жылы «Қаратас АБАД» ЖШС-нің директоры болды. Қарағанды облыстық мәслихатының екі шақырылымы депутаты, ҚР Парламент  мәжілісінің депутаты (2004-2007) болып сайланды, Парламент мәжілісінің экология және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі болды. Ол Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы. ҚР-сы Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР-ң конституциясына 10 жыл» медальдарымен марапатталған.