ТІЛЕУОВ Мұса (Мүсен) Нақыпбекұлы
1948 жылы Қарағанды облысы, Ұлытау ауданының Шеңбер ауылында туған. Көп жыл ауылда шопан, механизатор болып істеді. Жезді аудандық «Октябрь туы» газетінде еңбек етті. 1979 жылдан 2011жылы еңбек демалысына шыққанға дейін «Қазақмыс» корпорациясының Батыс және Оңтүстік Жезқазған кеніштерінде жұмысшы, бөлім бастығы, кеніш кәсіподағы ұйымының төрағасы қызметтерін атқарды.
1989-1990 жылдардағы Б.Бұлқышев атындағы облыстық әдеби байқаудың екі дүркін жеңімпазы. 1993 жылы «Ұлытау үні» облыстық фестиваліаясында өткен мүшәйраның екінші орын иегері. 1994 жылы Сәкен Сейфуллиннің 100 жылдық тойына арналған республикалық ақындар мүшәйрасында, 2008 жылы Қазақстан Жазушылар одағы мен «Қазақмыс» корпорациясы ұйымдастырған Қарсақпай мыс зауытының 80 жылдығына арналған әдеби байқаудың жүлдегері атанды. «Үркер», «Думаным ұласып ғасырға», «Арқаның ару көктемі» жыр жинақтары жарық көрген. Өлеңдері «Жезмұхиттың желкені», «Мыс сапырған, кен қазған» және т.б. бірнеше топтама жинақтармен қоса, «Сарыарқа кітапханасы» сериясымен жарық көрген «Замана» жинағына енген. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы.