БАЛМАҒАМБЕТОВ Қанат Сұлтанұлы
1958 жылы 14 ақпанда Жезқазған поселкесінде туған. Жезқазған педагогикалық институтын (1979), Алматы халық шаруашылығы институтын (1987) бітірген. Еңбек жолын 1979 жылы Жезқазған облыстық комсомол комитетінің студент, оқушы жастар мен пионерлер бөлімі нұсқаушысы болып бастады. 1980-1982ж.- Жезқазған облыстық комсомол комитетінің студенттер отряды командирі, 1982 – 1988ж. – халық депутаттары Жезқазған облыстық Кеңесі атқару комитетінің аға референті болды. 1988-1993ж. – «Жезказгансельстрой-1» тресі басқарушысының жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары, Жезқазған облысы «Облагропромстрой» бірлестігі бастығының жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары, «Жезказганагропромстрой» тресі басқарушысының орынбасары, 1993 жылдан бастап «Жаңа-арқа» коммерциялық орталық директоры болды. 1995 жылдЖезқазған қаласы әкімінің 1-ші орынбасары, 1999-2010 жылдары -Сәтбаев қаласының, Жезқазған қаласының әкімі болды. 2019 жылы қайтыс болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасы, «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Конституциясына 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медальдары және РП «Отан», «Белсенді қызметі үшін» төсбелгілерімен марапатталған. Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы атанды.