shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

​ҚҰНАНБАЕВ Әшірбек

​ҚҰНАНБАЕВ Әшірбек

1938 жылы туған, 2003 жылы қайтыс болған.

Техника ғылымдарының докторы, ғылым және техника бойынша Қазақ КСР Министрлер кабинеті сыйлығының лауреаты (1991 ж.). Республика деңгейіндегі дербес зейнеткер. Щучинск тау-кен металлургиялық техникумын, Қазақ политехникалық институтын, Қарағанды политехникалық институтының аспиратурасын бітірген. Еңбек жолын 1957 жылы №51 шахтада тау-кен шебері болып бастады. Шығыс Жезқазған кеніші №57 шахтасының бас энергетигі, Оңтүстік Жезқазған кенішінің бас энергетигі, Ақшатау тау-кен байыту комбинатының бас энергетигі қызметтерін атқарды. 1974-1986ж. – Жезқазған қалалық Атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Сәтбаев қалалық Атқару комитетінің төрағасы (1976-1982), Жезқазған облыстық халық депутаттары Кеңесі атқару комитетінің төрағасы орынбасары (1982-1986) болды. 1986 жылы Қазақ түстіметаллургия Министрлігінің жұмыстық жабдықтау басқармасы бастығы болып тағайындалды, ал 1989 жылы жұмыстық жабдықтау бірлестігінің бас директоры, содан кейін «Отырар» АҚ-ның президенті болды. Бірнешедүркін Жезқазған және Сәтбаев қалалық Кеңесі депутаты болып сайланды. Ғылыми өнертабыстар, ғылыми монографиялар мен бірнеше өнеркәсіп энергетикасына байланысты ғылыми-тәжірибелік еңбектер авторы болды. «Құрмет белгісі» ордені және медальдармен, Қазақ КСР Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған.