ЫСМАҒҰЛОВ Тұрмағанбет
1937 жылы 10 қаңтарда Ұлытау ауданы Қаракенгір совхозында дүниеге келді. 1958 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітіргенсін Жезқазған кенбасқармасының «Петро-Орталық» шахтасында механик, 1963-1971ж. – «Петро-Орталық» және Шығыс Жезқазған кеніші №42 шахтасының бас энергетигі болды. 1971-1973ж. – Жезқазған тау-кен металлургиялық комбинаты жылу жүйесі цехының бастығы қызметін атқарды. 1973-1984ж.- еңбекші депутаттар Жезқазған қалалық Кеңесі төрағасының 1-ші орынбасары, еңбекші депутаттар Жезқазған облыстық Кеңесі төрағасы болды. 1984-1999ж. – Жезқазған тау-кен комбинатының бас энергетигі, осы қызметті атқара жүріп өндірістің дамуына, мысты өлкенің республика энергожүйесіне қосылуына атсалысты. Т.Ысмағұлов «Құрмет белгісі» орденінің 2 дүркін иегері, «Еңбектегі ерлігі үшін» және басқа медаль, мақтау грамоталарымен марапатталған.