shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

​СЕЙТМАҒАНБЕТОВ Қонақбай

​СЕЙТМАҒАНБЕТОВ Қонақбай

1929 жылы 10 қыркүйекте Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында туған. Қазақ тау-кен металлургиялық институтын бітірген (1953). Еңбек жолын 1943 жылы бастады, 1947 жылға дейін Ақтөбе ферроқорытпа зауытында еңбек етті. 1953-1990 ж. – Жезқазған тау-кен металлургиялық комбинатында жұмыс істеді. Ауысым шеберінен Шығыс Жезқазған кеніші директорына дейінгі еңбек сатыларынан өтті. Учаске бастығы, №44 шахта инженерінің орынбасары, №31,32,42 шахталар бастығы, бас инженер, жаңадан ашылған Жәйрем кеніші директорының орынбасары, «Жезқазғантүстіметалл» ғылыми-өндірістік бірлестігінің бас маманы қызметтерін атқарды. Жезқазған облыстық комитеті Пленумының мүшесі, халық депутаттары Жезқазған поселкелік және қалалық Кеңесі депутаты болды. «Октябрь революциясы» ордені, «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін», «Еңбек ардагері», «Ұлы Жеңістің 50 жылдығы» медальдарының иегері. Оған Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы берілген.

Сол жақтан: Қонақбай Сейітмағанбетов, Дінмұхамед Қонаев, Виктор Гурба,  Ғазиз Омаров

1968 жыл, 29
маусым. №57 -шахтаны пайдалануға беру сәті. Солдан оңға қарай: Жезқазған комбинатының бас директоры Виктор Васильевич Гурба, Жезқазған қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы Григорий Николаевич Давыдов, қабылдау комиссиясының төрағасы Александр Николаевич Тен, Шығыс Жезқазған кенішінің бас инженері Қонақбай Сейітмағамбетов.