Шынболат ДІЛДЕБАЕВ
Ақын, жыршы, термеші.Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.
1937 жылы Қызылорда облысында туған. Жезқазған тау-кен техникумын бітірген. 1957-1992 жылдары Оңтүстік Жезқазған кенішінің №45 шахтасыңда жұмысшы, ауысым шебері болып істеді. Кеншілік пен өнерді қатар алып жүрді. 1974 жылы пайдалануға берілген "Байқоңыр" кинотеатрының, қазіргі Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайының, тұңғыш директоры болды. Ол 1975 жылы "Арман" ансамблін ұйымдастырды. 80-жылдардан республикалық ақындар айтысына жиі қатысып, жүлделі орындарга ие болды, шебер термешілдігімен танылды. Сәтбаев, Ақтөбе, Қызылорда қалаларының, Қызылорда облысы Шиелі ауданының Құрметті азаматы атанды.1998 жылы қайтыс болды.
2000 жылы Сәтбаев қаласындағы "Байқоңыр" кинотеатры күрделі жөндеуден кейін Кеншілер Сарайына айналып, оған Ш.Ділдебаев есімі берілді. Қазір мұнда ақынның шағын музейі жұмыс істеп тұр. Ш.Ділдебаевтың "Кенші сыры" , "Жылжиды жылдар", "Тас жарған гүл", "Шындық" кітаптары жарық көрді. Кейінгі жылдары Сәтбаевқаласында жас айтыскерлер арасында Ш.Ділдебаев атындағы қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі айтыстар өткізілді.