shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

​ЕСКЕНОВ Сатыбалды

​ЕСКЕНОВ Сатыбалды

1925 жылы 1 шілдеде туған. Еңбек жолын 1941 жылы Қарағанды көмір шахталарында бастады, ФЗО-да өндірістік оқыту шебері, 1952 жылдан бастап Жезқазған тау-кен комбинатының шахтабасқармасында нормалаушы, техник-нормалаушы, аға инженер, кенбасқарамасы нормативті-зерттеу стансасының экономисі (1956-1959), №51 шахтасынжа жерасты жөндеушісі, Жезқазған тау-кен металлургиялық комбинатында бөлім аға механигі (1960-1966), 1966 жылдан құрметті демалысқа шыққанша Шығыс  Жезқазған кеніші №42,51,57 шахталарының жалақы және еңбек бөлімінің бастығы болып еңбек етті. Жиырма бес жыл қатарынан Шығыс Жезқазған кеніші бастауыш партия ұйымының хатшылығына сайланды, партбюро мүшесі болды. «1941-1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін» (1946) медалімен, «Социалистік жарыс жеңімпазы» белгісімен (1973), мерейтойлық медальдар, құрмет грамоталарымен марапатталған. Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы.