МҰҢСЫЗБАЕВ Жайық Рамазанұлы
1944 жылы туған. 1967 жылы Қазақ политехникалық институтын «Өндірістік кәсіпорындарды электрмен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бітіргенсін жолдамамен «Жезқазғангипротүстіметалл» жобалау институтында инженер болып еңбек жолын бастады. 1969-1975ж.-ЭЖК-да (ПЭС), содан кейін әртүрлі қызметтерде: Қазақ КСР мемлекеттік тау-кен бақылау басқармасының Жезқазған аймағы бойынша бас энергетик-бақылаушысы (инспектор), осы басқарманың облыстық бөлімі бастығы, Аненнск кенішінің бас энергетигі, «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-ң ЭЖК (ПЭС) ӨБ-нің (ПО) бастығы болып еңбек етті. Оған Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы, ТМД-ға еңбегі сіңген энергетик атақтары берілген.