ИМАНҒАЛИЕВ Әсер
1929 жылы Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданында туған. 1957 жылы Новочеркасск политехникалық институтын бітіргенсін, Жезқазған тау-кен металлургиялық комбинатына жіберлді, онда тау-кен шеберінен шахтаүңгілеу тресі басқарушысының орынбасарлығына дейінгі баспалдақтардан өтті. 1972 жылы жаңадан ашылған «Жезқазған ҒЗЖИтүстіметалл» (Жезк.НИПИцветмет) институты ғылыми жұмыс жөніндегі директорының орынбасары болып тағайындалды. 1977 жылы институтта жерастын өңдеу-пайдалану зертханасын басқарды, содан кейін осы институттың ғылым жөніндегі директоры болды. 150 ғылыми еңбек пен 50 өнертабыстардың авторы. Ол тау-кен жұмыстарының жобалауы мен өндірісіне пайдалануға енгізілген 250 нормативті құжаттар (технологиялық регламент, нұсқаулар мен әдістемелік көрсеткіштер) дайындады. «Құрмет белгісі» орденімен және КСРО халықшаруашылық жетістіктері көрмесінің (ВДНХ) алтын, күміс, екі қолы медальдарымен марапатталған. Ғылым және техника саласы бойынша Қазақ КСР Министрлер кабинеті сыйлығының лауреаты, академиктер Қ.И.Сәтбаев және Ө.Байқоңыров атындағы сыйлықтардың иегері. Бірнеше рет халық депутаттары қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланды. Жоғары дәрежелі инженер және ғылыми мамандар дайындауға көп көңіл бөлді.