АЯПБЕРГЕНОВ Бозтай
1930 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданында
туған. Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. Еңбек жолын 1946 жылы
Чкалов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі болып бастады. 1950 жылы
білім бөлімінің аға хатшылығына ауысты. 1956 жылы Жезқазған облысы Никольский
поселкесіне келіп, жарылғыш заттарды тасушы, кенбасқармасында жерасты жарушысы,
«Покро» шахтасында жерасты электр жөндеушісі, Рудник поселкесі мен Никольский
қаласы тұрғын-үй коммуналдық бөлімінің бастығы міндеттерін атқарды. 1981-1995ж.
Никольский қаласы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының бастығы,
«Жезқазғантүстіметалл» АҚ орталықтандырылған мамандар бөлімі бастығының
орынбасары қызметін атқарды. 2002 жылы корпорация «Қазақмыс» ЖШС директорының
әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды. 2014 жылы қайтыс болды. Атқарған еңбектері үшін бірнеше медаль, мақтау грамоталарымен
марапатталды, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы атанды.