shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

​ҚАЛИЕВ Қожа

​ҚАЛИЕВ Қожа

1920 жылы Торғай уезі Дулыға поселкесінде туған. Он жылдық мектепті бітіргенсін 1936 жылы мұғалімдерді даярлайтын курсқа түседі. 1938 жылы курсты бітіріп, қарсақпай поселкесінде мектеп мұғалімі болып жұмысқа тұрды. 1942 жылы әскер қатарына шақырылды. 11-ші гвардиялық танкі жойғыш дивизия құрамында 170-ші танкілік артиллериялық полктың зеңбірек командирі болды, 1-ші және 3-ші Украина, 1-ші Прибалтика және Калининград майданында жаумен шайқасты. Соғыс аяқталғансын 1946 жылы Қарсақпайға оралып, мұғалімдік еңбегін жалғастырды. 1981 жылы зейнеткерлікке шықты. «Қызыл жұлдыз», 1-ші дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордендері, «КСРО маршалы Жуков Г.К.», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Венаны алғаны үшін» т.б. мерекелік медальдармен мараптталған. Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы Қ.Қалиев 2008 жылы өмірден озды.