shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

ЕШПАНОВ Далабай Оспанұлы

ЕШПАНОВ Далабай Оспанұлы

1926 жылы туған. 1949 жылы Қазақ тау-кен металлургиялық институтын инженер-маркшейдер мамандығы бойынша тамамдады. Техника ғылымының кандидаты. Ленин, «Октябрь революицясы», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен марапатталған. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1970ж.), Қазақ КСР-ң еңбек сіңірген кеншісі (1978ж). Жезқазған алып шахталарының құрылысы мен игерілуі, өздігінен жүретін қондырғыларды қолдана отырып кен өндіруді игеру, байыту фабрикаларының жаңа қуатын енгізу мен мыс балқыту зауытын игеру секілді жұмыстар Д,Ешпанов  есімімен байланысты. Оның Балхаш тау-кен металлургиялық комбинатын басқарған жылдарында өндіріске мыс қорытуда автогендік технологияны енгізу жүзеге асты. 1986 жылы БТКМК-да мыс қорытудың тәжірибелі-өндірістік қондырғысы іске қосылды. Жігерлі басшы ісіне адал берілгендігімен өзгелерге үлгі бола білді.Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы.

Алдыңғы қатарда : Далабай Ешпанов.