КӨПЕЕВ Мұхамбет Жұманазарұлы
Қазақ политехникалық институтын (1972), жоғарғы партия мектебін (1985), Алматы мемлекеттік институтын (1988) бітірген. Еңбек жолын 1972 жылы Жезқазған шахтапроходка тресінде тау-кен шебері болып бастады, трест комсомол комитетінің хатшысы, Никольский қалалық комсомол комитетінің 1-ші хатшысы, Жезді аудандық партия комитетінің 2-ші хатшысы, халық депутаттарының Қаражал атқару комитеті қалалық Кеңесінің төрағасы, Жезқазған облыстық партия комитетінде партия жұмысын ұймдастыру бөлімінің нұсқаушысы, Жезқазған қалалық партия комитетінің 1-ші хатшысы, халық депутаттары қалалық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы, 1991 жылдан Жәйрем-Атасу СЭЗ-і әкімшілік кеңесінің төрағасы, Қаражал қаласының әкімі қызметтерін атқарды. ҚР-сы Парламент Мәжілісінің екі дүркін шақырылымының депутаты, ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары болды. 2005 жылдан Сенат төрағасыың орынбасары. «Парасат», «Достық» ордендері мен «Астана» медалінің иегері.
Мұхамбет Жұманазарұлы Сәтбаев қаласының 45 жылдығына арналған салтанатты сәттерде.2018 жыл.
Мұхамбет Көпеев және сенатор Нұртөре Жүсіп (ортада) Ұлытауда, "Жезкиік" халықаралық өнер фестивалінде.2019 жыл.