Кәкімбек САЛЫҚОВ
1932 жылы 22 қаңтарда қазіргі Көкшетау облысында туған. 1955 жылы Мәскеудің түсті металлургия
және алтын институтын бітірген. 1955-1968 жылдары нен кейін Жезқазған кенішінде кен мастері, участке бастығы, К.И.Сәтбаев
атындағы кен-металлургия комбинаты парткомының хатшысы болды. 1955-1968 жылдары - Жезқазған мен металлургия комбинатында түрлі
қызметте, 1968-1973 жылдары - Қазақстан Компартиясы Жезқазған қаласы
комитетінің 1-хатшысы, 1973-1975 жылдары - Қазақстан Компартиясы Жезқазған
облыстық комитетінің екінші хатшысы,
1975-1984 жылдары - КПСС ОК-нің
инспекторы, 1984-1989 жылдары - Өзбекстан Компартиясы Қарақалпақ
облыстық комитетінің 1-хатшысы, 1989-1991 ж. КСРО Жоғарғы Кенесінің Экология
және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. Кейін
Халықаралық Қ.Сәтбаев қорының президенті болып сайланды.
Ол танымал ақын, әрі композитор еді. Ақынның кітаптары: Сыр. «Жазушы», 1970; Жезкиік. «Жазушы», 1973; Нұрлы күндер. «Жазушы», 1976; Добрые дни. «Советский писатель», 1981; Медная лань.«Жазушы», 1977; Жұлдызды жылдар тынысы. «Жазушы», 1978; Мәңгі шырақ.«Жазушы», 1979; Құтманды күндер. (қырғыз тілінде). «Қырғызстан», 1981; Парасат сыры.«Жалын», 1980; Шын жүректен. «Жазушы»,1981; Жезкиік.Ташкент. (өзбек тілінде). «Ғафур Гұлам», 1984; Реквием. «Жібек жолы», 1995; Аққу жеткен. «Қайнар»,1995; Көкжиекке тартқан көш.«Жазушы», 1997; Тәттімбет. «Дәуір», 2002; Тәттімбет. «Фолиант», 2005; Қаныш жұлдыз жарқылы. «Баспагер», 1999; Түркістанға тағзым. «Түркістан университеті»,2000; Сәбит аға. «Жібекжолы», 2000; Ойтолғақ. «Жібек жолы», 2001; Сырғалы сонеттер. «Жалын», 2001; Под звуки домбры.«Художественная литература», 2001; Ұстазымның баласы. «Жібек жолы»,2001; Жанымның жақсы көрген адамдары.«АЭСИ», 2004; Бәйкен аға.«Үш қиян», 2002; Бәйкен жолы. «Фолиант», 2007; Отырар сазы. «Өнер»,2002; Отырар сазы. «Фолиант»,2005; Аққу жеткен. (әндері ноталарымен) «Үш қиян», 2002; Таңдамалы.«Өлке»,2002; Тарихтың тарланбозы.«Гауһар»,2003; Тарихтың тарланбозы.«Фолиант», 2005; Нар жігіт.«Үш қиян»,2003; Күзгі шуақ. «Фолиант», 2004; Қатар жүрген күндерді сыйлайықшы. «Үш қиян»,2004; Ақын Тайжан. «Үш қиян»,2004; Ақсұңқар қанатында. «Үш қиян», 2004; Күзгі сарын. «Ел орда»,2005; Жез киік (таңдамалы). «Үш қиян»,2003; Бақыт жұлдызы.«Фолиант»,2005; Жезкиік (әндер).«Фолиант».2007; Сенсің ел данасы.«Фолиант»,2006; Әлемнің сегізінші ғаламаты. «Фолиант»,2007; Мәңгі шырақ алауы (таңдамалы). «Жазушы»,2007; Көңіл назы. Өлеңдер жинағы. «Жазушы», 2008; Мағжанға тағзым. Өлеңдер мен поэма. «Фолиант», 2008;
Оның аудармалары да Даладағы алау. (В.Савельев).«Жалын», 1981;Владимир Ильич Ленин. (В.Маяковский). «Жалын», 1988; Жайлау жыры. Гэн-дэнгийн Давааджиден.«Қазақпарат», 2001; А.С.Пушкин. Қанатты сөздері мен нақылдары. «Фолиант», 2006; А.С. Пушкин. Евгений Онегин. «Фолиант», 2006 деген кітаптарға айналды.
Ол Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне үш мәрте (IX, X, XI) депутат болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері (2001), Халықаралық Қ.Сәтбаев қорының президенті, Қазақстан Республикасы «Экология» академиясының академигі болды.
К.Салықов Ленин, екі рет «Еңбек Қызыл Ту», «Парасат» , Халықтар достығы ордендерімен және бірнеше медальмен марапатталған. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері. Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы.
Кәкімбек Салықов (сол жақта ) пен атақты ғалым, сәкентанушы Тұрсынбек Кәкішев.
Кәкеңнің Жезқазғандағы ең соңғы суреті. "Мысты өңір" газетінің редакциясында.