ҮНШІБАЕВ Жақсыбек Тілеуұлы
1922 жылы Ұлытау ауданында туған. 1941 жылдың желтоқсанында Армия қатарына шақырылды. Воронеж, Степной
2,
3-ші Украина майдандарында
болды. Үш рет жараланды. КОКП мүшелігіне майданда қабылданды. Даңқ
орденінің толық иегері Ж.Т. Үншібаев соғыстан кейін үзақ жылдар Сәтбаев
қаласында тұрды. Жезқазған кен-металлургия комбинатында азаматтық
қорғаныс бойынша аға инженер, Жезқазған -Рудник поселкелік Кеңесі атқару комитетінің төрағасы, коммунальды шаруашылық мекемесінің бастығы және т.б. қызметттер атқарды. Одақтық дәрежедегі дербес
зейнеткер болды. Сәтбаев қаалсының құрметті азаматы атанды.
1994 жылы қайтыс болды.