ГУРБА Виктор Васильевич
1914 жылы Украинаның Сумы обл. Глухов қаласында туған. 1936 жылы Екатеринбург тау-кен институтын бітірген. 1952 жылы сәуірде Жезқазған мыс комбинатының бас инженері, 1953 жылы қарашада Жезқазған тау- кен басқармасының директоры болып тағайындалды. 1958 жылдың шілдесінен өмірінің соңғы деміне дейін Қ.И. Сәтбаев атындағы Жезқазған кен-металлургия комбинатының бас директоры болды.
В. В. Гурба 1960 жылдан бастап үзбей Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің құрамына сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің (1965ж), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің (1965 ж) депутаты, КОКП XXV съезіне делегат болып сайланды. Екі мәрте Ленин орденімен (1961, 1966), 5 медальмен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Социалистік Еңбек Ері . КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген кенші. Техника ғылымдарының кандидаты. Сәтбаев қаласында көше бар. Сәтбаев және Жезқазған қалаларының Құрметті азаматы.