ШТИФАНОВ Василий Иванович
1910 жылы Алтай өлкесі Рубцовск ауданындағы Половинкино селосында туған. 1937 жылы Қазақ кен-металлургия институтын бітірген соң Жезқазған геологиялық-барлау экспедициясының қарамағына жұмысқа келді. Ол Жезқазғанда 50 жылдан астам еңбек етті. Қ.И.Сәтбаевтың серігі әрі ізбасары бола білді. Ол мыс кені орындарын барлау партиясының бастығы қызметін атқарды. Қазақ КСР-ң құрметті геолог-барлаушысы. 1967 жылы Социалистік Еңбек Ері жоғарғы атағына ие болды.Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы В.И. Штифанов В.И. 2002 жылы қайтыс болды.