РЕЗНИКОВ Иван Васильевич
Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ізбасары, шәкірті, сенімді серігі.1912 жылы Өзбекстанда туған. Орта білім алғаннан кейін, еңбек жолын Жезқазған кеніші шахталарында жұмысшы болып бастады. 1937-1938 жылдары – комсомол ұйымы хатшысы, 1942-1946 жылдары – комбинаттың Шығыс бөлімі бастығы, 1946-1952 жылдары – Покро шахтасының маркшейдерді, 1952-1956 жылдары- Жезқазған кен басқармасының партия ұйымдастырушысы, 1957-1970 жылдары – кенбасқармасы директорының орынбасары, 1970-1979 жылдары – Жезқазған шахтопроходка тресі кадрлар бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. Жергілікті халық депуттары Кеңесінің депутаты болып 10 мәрте сайланды. «Еңбек Қызыл Ту» ордені және бірнеше медальдармен марапатталған. Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы.2004 жылы 10 тамызда қайтыс болды.