ЖАҢА ЖЫЛҒА – ЖАҢА ПӘТЕРМЕН
Желтоқсанның 25-нде Жаңа — 2025 жылдың қарсаңында Қаныш қаласының 25 тұрғыны жаңапәтердің кілтіне ие болды.
-Қазіргі кезде екі мыңнан аса адам үй кезегінде тұр. Көппәтерліүш тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр, мұның екеуі таяу арада пайдалануғаберіледі. Бұл пәтерлерді халық «Отбасыбанк» АҚ арқылы жеңілдетілген пайыздық несиемен алатын болады. Халықты баспанамен қамтудың барлықмүмкіндіктерін одан әрі қарастыра беретін боламыз –деді пәтер кілттерін тапсырусалтанатында сөйлеген сөзінде қала әкіміМұрат Бөрібаев.
Жаңа жылды жаңа пәтерде қарсы алатын қуанышты жандардыңбірі Нұрсұлу Әбілдинованың кезекте тұрғанына 14 жыл болған екен. «Өтеқуаныштымын. Отағасым өмірден озған, екі балам бар. Үш бөлмелі кең пәтербұйырып жатыр. Азаматтарға рахмет!» деді ол кілтін қолына алып тұрып. Бұлбарша қоныстой иелерінің қуанышы ментілегі іспетті естілді.