ЖЕҢІС ҚАҺАРМАНДАРЫНА ТАҒЗЫМ
Сәтбаев қаласы. Сағат 10.00. Жеңіс саябағы.
Қала басшылығы, тыл және еңбек ардагерлері, қоғамөкілдері осында жиналды.Жылдағы дәстүр жалғасын тапты. Ұлы Жеңістің 79жылдығына байланысты саябақтағы Мәңгілік алау жанында Жеңіс жауынгерінің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Бұл — сұрапыл соғыс өрті шарпыған жылдарды бастанөткерген ұрпаққа деген Мәңгілік Тағзым еді.
Өткенсіз бүгін, бүгінсіз болашақ жоқ. Кешегі тарихтыысырып тастауға болмайды. Бес жылға созылған соғыстың тақсіретін тартпағанқазақ шаңырағы бар ма? Аталарымыз, әкелеріміз майданда кеудесін оққа тосты, ал,тылда қалғандардың жанқиярлық еңбегі ше? Осыны қалай ұмытуға болады? Бұл күн баршамызға Бейбіт өмір сыйлаған қасиеттіде қастерлі мереке. Жеңіс қаһармандарына тағзым етеміз, бейбіт өміріміздімерекелейміз!
Кеуделеріне көк лента тағынған әртүрлі ұлттар менұлыстардың өкілдерінің бірге қатар сап түзеп, гүл шоқтарын қойып, тағзымжасаулары еліміздегі бірлік пен тұтыастықты, ынтымақтытанытқандай еді.
Жеңіс мерекесі құтты болсын!