ДІНІ БӨЛЕК , ДІҢІ БІР
Көктемгі көгалдандыру науқанынан Қаныш қаласындағы дін өкілдері де шет қалмады.
Қаланың Жеңіс саябағы осыдан екі -үш жыл бұрын жаңғыртылып,жаңартылған еді. Дегенмен, мұнда әлі де болса бос жатқан алаңқайлар баршылық.Сондай алаңқайдың біріне қаладағы ресми тіркеуде тұрған 9 діни бірлестікөкілдері шие ағаштарын отырғызды.
— Елімізде жүріп жатқан «Таза Қазақстан»акциясы аясында жас шыбықтар егу туралыұсынысымыз қаладағы діни бірлестіктер тарапынан қолдау тапты. Олар жасшыбықтарды егумен бірге оларды суғару, яғни, күтім жасауды да өз мойындарынаалып отыр — дейді Сәтбаев қаласының дін сұрақтары бойынша ақпараттық және кеңесберу орталығының директоры Манат Айтбаев.
Діні бөлек болғанмен діңі бір діни бірлестіктердің айналаныабаттандыру, көгалдандыру ісінде де көпшіліккеүлгі бола білгендері шынында да сүйсінерлік шаруа.