МҮШАЙРА және АЙТЫС
МҮШАЙРА және АЙТЫС
Жастар Тәуелсіздікті жырлады
«Тұлпардың танылмағы тайдан -дағы»демекші, жас таланттардың қолтығынан демеу алдыңғы буынның бір міндеті тәрізді.Бұрын да солай болған, қазір де солай.
Осындайда сонау Қарақалпақстандажүрген Төлеген Айбергеновтің, Нарынқолдағы Мұқағали Мақатаевтың және т.б.жастарды бірді -екілі өлеңдерін оқығанда-ақ аяқ алыстарын аңғарып қалып,Алматыға алдырған Әбділда Тәжібаевтың, сонау Шығыста жүрген Оралхан Бөкеевті, Атыраудағы Фариза Оңғарсынованы,Шымкенттегі Мұхтар Шахановты өзі басқаратын «Лениншіл жас» газетініңшаңырағына шақырған Шерхан Мұртазаның жас таланттарға деген қамқорлығы ескетүседі. Біз кейде алыстағыны айтамыз да, айналамыздағыны айналып өтеміз.
2000-жылы Наурызмерекесінде Ш.Ділдебаев атындағыКеншілер сарайы ашылды. Араға жыл салмай сол Сарайдың ішінен«Ш.Ділдебаев» музейі ұйымдастырылды. Содан соң мұнда Шынкеңнің өнерін насихаттау, жастарды терме,жырға, айтысқа баулу мақсатында «Жас ақындар, термешілер мектебін»ашу қажеттігі туындағанда, сол мектепке кім жетекшілік жасайды деген мәселе де туындады. Мектептің бағыт -бағдарыбелгілі болғанмен қалай жұмыс істейтініайқындала қоймаған еді. Өйткені, қаржыландыру мәселесі шешілмеген еді. Тіпті, қаржыландыру бола ма, жоқ па, бұл жағымүлдем анықталмаған еді. Міне, сол тұста мектепке ақысыз -пұлсыз жетекшілікжасауды ақын Ғалил Жәнібеков өз мойнына алды. Өзі жұмыс істей жүріп қаладағымектептерді аралап өлең жазатын, терме, жырға икемі бар, айтысқа ыңғайы бардеген балаларды Сарайға жинады. Соларды тәрбиеледі, қанаттандырды. Соныңнәтижесінде Сәтбаев қаласында алғаш ретоқушылар айтысы өткізіліп, кейін ол аймақтық сипат алды. Сол мектепке келіп,алғаш қолына домбыра ұстағандар, өлең оқығандар мен сөз сайысына қатысқандардыңкөпшілігі қазір республикаға танымал. Әрине, әркімге дарынның табиғатынанберілетіні даусыз. Бірақ, соларды танып, тауып, үлкен жолға салып жіберукерек емес пе? Ұстаздық деген -сол! Осытұрғыдан келгенде Ғалил Жәнібековтің еңбегі өлшеусіз. Ол қазір Көкшетауоблысында тұрады. Жақында ҚР мәдениет саласының үздігі төсбелгісіменмарапатталды. Өте орынды! Ғалекең ол жақта да мәдениет пен өнердің ортасындажүрсе керек!
Өкінішке қарай, біздегі«Шынболат мектебінің» жұмысы әлсіреп кеткен болатын. Тек кейінгі уақытта қайта жандана бастағаныбайқалады. Бұған мектеп жұмысын жас ақын Мәди Олжабайдың қолына алғаны игіәсерін тигізіп жатқаны байқалады.
Тәуелсіздік мерекесіқарсаңында «Тәуелсіздікбесігінде тербелген жас өренім» тақырыбымен жасақындар мүшайрасы және «Тәуелсіздік тәу етер жалғыз кие» атты оқушылар айтысыныңөткізілуі соның дәлелі. Мүшайрада 17 талапкер, айтыста 6 ақын бақ сынасты.
Жүректері жырға толы жастардықала әкімінің орынбасары А.Төлендинақұттықтады. Ол үзіліп қалған мектептің қайта жаңғырып жатқанына қуанышты екенінжеткізіп, қала әкімдігі тарапынан тиісті қолдаудың болатындығына сендірді.
Мүшайра оқушылар және 35жасқа дейінгі жастар арасында екі топқа бөлініп өткізілді.
Қазылар алқасыныңбағалауы бойынша мүшайраның үшінші орындары -Дина Садырбекова мен РозаТоқтамысқа, екінші орын — Мәди Олжабай мен Адель Көпейге, бірінші орын —
Әйгерім Жанәділова мен Ерсай Серікке берілді. Қатысушылардың бәріне ақшалайсыйлығына қоса Алғыс хат табысталды.
Ал айтыста С.Сейфуллин атындағы гимназия оқушысы ҚұрметЕркін бас жүлдені иеленсе, Ә.Марғұланатындағы мектеп оқушысы Асылжан Ерболат -бірінші, С.Сейфуллин атындағы гимназияоқушысы Жасмин Жүнісбектегі -екінші, №27-мектептің оқушысы Ертай Серік -үшіншіорынды иеленді. Жасмин Сацйдалинаға -Ғалил Жәнібек атындағы, Асқар Сейілбекке-Шынболат Ділдебаев атындағы арнайы сыйлықтар тапсырылды.
Еліміздің Тәуелсіздігімен қаланың 50 жылдығын басты тақырып еткен жастардың өлең әлеміндегі, айтысарнасындағы жолдары әрқашан ақ болсын! Талаптары өрге жүзсін!