shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

"ӨМІРДЕН КІМ ӨТКЕНІН БІЛЕМІЗ БЕ?!"

"ӨМІРДЕН КІМ ӨТКЕНІН БІЛЕМІЗ БЕ?!"

2023 жылғы 29  қазанда  Сәтбаев қаласының Құрметтіазаматы, Қазақстан Республикасының  еңбегі сіңірген  энергетигі          Яхия Жақыпбекұлы  АСАТОВ 84 жасқа қараған шағында дүниеденөтті.  

 Я.Асатов 1939 жылы қазіргі Ұлытау облысы  Ұлытау ауданының  Кішітау баурайындағы «Сәдір ата» елдімекенінде дүниеге келді.

Ол 1958 жылы Жезқазғанкентіндегі №7-қазақ орта мектебін бітірген соң, бірден еңбекке араласты.1958-1960 -жылдары   Жезқазған кенбасқарамасының №51-54 шахтасында тау-кен жұмыскері  болды. Жезқазған тау -кен комбинатыныңжолдамасы бойынша Еңбек Қызыл Ту орденді Алматы Политехника институтына түсіп,1966 жылы тау -кен инженері -автоматикаландыру электромеханигі  мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Институттыбітіріп келген соң Оңтүстік Жезқазған кенішіне механик болып орналасты. Білімдіде  білікті  жас маман тез арада ұжымдағы  абыройлы, құрметті азаматқа айналды. Ол  шахтада учаске бастығы, кеніштің басэнергетигі болды,  кәсіподақ комитетініңтөрағасы болып сайланды.

1985 жылыЯ.Асатов Жезқазған тау -кен комбинаты бас энергетигінің орынбасары болып тағайындалды.  

1986- 1989жылдары ол Қазақ КСР Түсті металлургия министрлігінің  «Казэнергоцветмет»  басқармасының бастығы болды. 

Я.Асатовтың зорұйымдастырушылық қабылетін бағалаған басшылық оны 1989 жылы  қазіргі Сәтбаев қаласындағы жаңаданқұрылған  Құрылыс -монтаж тресінің  басқарушысы етіп тағайындады.

Ол 1991-1993  жылдары Сәтбаев жылумен -сумен қамтукәспорнының  директоры болып еңбек етті.

1993 жылы «Жезқазғантүстімет»өндірістік бірлестігі бас энергетигінің кеніштер бойынша  орынбасары болып тағайындалған  Я.Асатов зейнет жасына жеткеннен кейін де осы қызметін жалғастырды,  өмірінің соңғы жылдарына шейін «Электржабдықтарына сервистік қызмет көрсету» басқармасында еңбек етті.

Ол өндірістежаңашылдығымен көзге түсетін. Оның 3 өнертапқыш және 150-ден аса  рационализаторлық ұсыныстары  қолдау тауып, өндіріске енгізілді.

Яхия Асатовтыңеңбектегі жетістіктері, қоғамдық -мәдени өмірдегі белсенділігі әрқашан лайықтыбағалана білді.

Оған 1970 жылыВ.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай  «Ерен еңбегі үшін», 1989 жылы«Еңбек ардагері» медальдары берілді.  Ол «Еңбек даңқы» төсбелгісінің толықиегері атанды.

Қаланың қоғамдық-саяси, мәдение өміріне белсене араласқаены үшін Я.Асатовқа 2002 жылы 5 ақпанда Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы атағыберілді.

Энергетикасаласындағы сіңірген еңбегі  үшін 2008 жылғы5 желтоқсанда " Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі ", көптеген жылдар бойғы өндірістегі  жемістіқызметі  үшін 2017 жылы "Қазақмыс корпорациясыныңҚұрметті еңбек ардагері" атағына ие болды. ҚР Инвестициялар және дамуминистрлігінің 2018 жылғы 20 тамыздағы Бұйрығы бойынша  «Еңбек ардагері»  медалі берілді.

2022 жылғы 14қазанда  Яхия Асатов  "Құрмет" орденімен  марапатталды.

Яхия Асатов  өзінің бар саналы ғұмырын, еңбегі менқызметін  туған еліне арнады. Ол әрқашанадалдығы, талапшылдығы арқылы ерекшеленетін өте мемлекетшіл, Отаншыл тұлға еді.Адами асыл қасиеттері, ел, жер тағдырына бей -жай қарай алмайтын  жанашырлық жүрегі оны ортасының  ардақты азаматына, абыз ақсақалынаайналдырды. Ол өмірінің  ақырғы сәтінешейін қаланың қоғамдық -саяси, мәдени өмірінің белортасынан табыла білді.

Яхия Асатовтың  жарқын бейнесі, қайталанбас тұлғасы оны білетіндердің баршасының жадындаәрқашан сақталады.

09:44