"ӨЛКЕНІҢ ДАҢҚТЫ КЕН ИНЖЕНЕРІ"
Тарлан тұлға, айтулыазамат, кен өндірісі көшбасшыларының бірі Садық Қасымұлы Асатовтың туғанына -90жыл толуы Сәтбаев қаласында салтанаттыжағдайда тойланды.
Іс-шара академикҚ.И.Сәтбаевтың ескерткішіне гүл қою рәсімімен басталды. Мұның да өзіндік мәнібар. Өйткені, Садық Қасымұлы қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтыөзінің ұстазы санады, үлгі тұтты.
Кеншілер қаласындағы "Қала тарихы" мұражайындаС.Асатовтың еңбек жолдары мен атқарған қызметтері, өмірі туралы арнайы көрмеұйымдастырылды. Мұнда ол кісінің құжаттары, жеке заттары, суреттері және т.б.қойылды. Әрбір жәдігер Садық ағаның ғана емес, өлкеміздің өткен өмірінен сыр шертіп, ғажайып әсерге бөледі.
Ш.Ділдебаев атындағыКеншілер сарайына халық көп жиналды. Сәтбаевқаласының әкімі Ш.Әубәкір, Қаражал қаласы әкімінің орынбасары А.Құрмансейітқұттықтау сөз сөйледі. Олар Садық Қасымұлының өнегелі өмір жолы ешқашан елжадынан өшпейтініне тоқталды.
Қазақстан РеспубликасыЖазушылар одағының мүшесі, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы, кенші-ақын М.Тілеуов,еңбек ардагері М.Шамбұлов, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы, ақынЗ.Әбілбекова тамаша естеліктерімен бөлісті. Қарағанды қаласынан арнайыкелген еңбек ардагері Бақыт Мұқашев қалалық мұражайға «Садық Қасымов»фотоальбомын тарту етті. ҚР еңбексіңірген энергетигі, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы Яхия Асатов таағасының тұтынған заттарын мұражайларғаберді. Ал Гауһар Садыққызы Асатова әулетінің атынан көпшілікке алғыс сезімінбілдірді.
Кеште «Импульс» үлгілі би ансамблі,Жәйрем мәдениет үйінің көркемөнерпаздары, «Ақ әжелер» ансамбілі,«Нұр -Шашу» би ансамблі, әнші Қ.Әбеуов сазды сәлем жолдады. Кеш С.Асатовтың«Уа, туған жер» атты өлеңімен қорытындыланды.
Салтанат соңынан СадықАсатовтың рухына арналған а беріліп, дұға бағышталды.
А. Садықова, Қ.Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік мұражайының бас қорларының сақтаушысы.