"ДАЛАМНЫҢ ИСІ БҰРҚЫРАП, ҚАРТТАРЫМ, АМАН -САУ ЖҮРШ!"
Халықаралық Қарттаркүні қаламызда өз деңгейінде аталып өтті. «Достық»Үйінде өткен қала әкімі Ш.Әубәкірдің қаланың еңбек ардагерлерінің бір тобымен кездесуі ақ дастархан басындағыемен -жарқын әңгімеге ұласты. Әкім ақсақалды ағаларға, ақжаулықты аналарғақалада атқарылып жатқан, алда жоспарланған жұмыстар туралы айтып берді. Олар даөз ойларын ортаға салды. Қоғамдық -саясижұмыстарға белсене араласып жүрген бірнеше ардагерге республикалық жәнеоблыстық Ардагерлер Кеңесінің Құрмет грамоталары табысталды.
Т.Қалмағамбетов атындағыЖезқазған филармониясының әншілері ән-күйден шашу шашты. Бір қызығы, кәсіби өнерпаздардан қала басшысы да қалыс сқалмады. Ол қарттардыңқұрметіне домбыраға қосылып бірнеше ән салып берді.
Қала әкімі қаладағыбірнеше қарияны олардың отбасыларына барып құттықтады. Олардың арасынд ҚазынакүлСералина, Сақтаған Атабаев, Рәш Искакова, Мәуия Бекмағанбетова, КамажайАтабаева және т.б. болды.
Көрсетілген сый-құрметтің бәрі де айналып келгенде бір ғана тілекке барып тірелгендей еді. Ал сол тілек біздің сөзіміздің тақырыбында тұр. Тағы да қайталайотырайық: «Даламның исібұрқырап,Қарттарым, аман -сау жүрші!».