ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Қала әкімі Ш.Әубәкір Қ.Сәтбаев атындағы мектепте №6 -шағын аудан тұрғындарымен кездесті. Ресми аталуы солай болса да, кездесуге қаланың әр шалғайындағы ниет білдірген тұрғындардың бәрінің де келгені байқалып тұрды. Кездесуге келген көпшілікке қаладағы атқарылып жатқан және алдағы жоспарланған жұмыстар жөнінде қысқа бейнебаян көрсетілді.Бұдан соң әкім тұрғындардың сұрақтарына тікелей жауап беруге көшті. Халықтың көп сауалы коммунальды шаруашылық мәселелеріне байланысты болды. Екі сағатқа жуық созылған кездесу әкімнің жеке қабылдауына жалғасты. "Әкім бол, халқыңа жақын бол!" деген ұстанымды басшылыққа алған Шапағат Момынбайұлы бетпе -бет, жүзбе-жүз кездесіп, барлық мәселелерді тыңдауға қабылетті екенін, халыққа ашықтығын танытты.