МЕКТЕПКЕ ДЕ ҰЛТТЫҚ КИІМ ЖАРАСАДЫ
МЕКТЕПКЕ ДЕ ҰЛТТЫҚ КИІМ ЖАРАСАДЫ
Абдолла Дастан
«EgemenQazaqstan»
20 қыркүйек, 2023 жыл
Сәтбаев қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясында биылданбастап жақсы бір үрдіс қалыптаса бастады. Басшылықтың ұйғарымымен мектепте әраптаның жұма күнін – Ұлттық киім күні деп жариялады.
– Біз осындай бастама көтердік, бірақ ешкімді міндеттемейміз. Кімге ұнамды,кисін. Кигісі келмесе, мектептің бекітілген формасымен келе береді. Кейбіротбасыларының қолдары қысқа болуы себепті ұлттық үлгідегі киімдерді тіктіреалмауы да мүмкін. Соның бәрін ескере келе міндеттеуді артық көрдік. Бірақбастама ата-аналар тарапынан жақсы қолдау тапты. Ұлттық киім кию оқушыларғағана емес, мұғалімдерге де, техникалық қызметкерлерге де қатысты, – дегенмектеп басшысы Дана Бақтыбайқызы бастама түсіністікпен жүзеге асып жатқанынжеткізді.
Бірнеше сыныптарды аралап көрдік. Балалармен де, мұғалімдермен де пікірлестік.
– Сынып болып бәріміз біртүстес киім тіктіруге келістік. Ата-аналарымызқуана келісіп жатыр. Тігінші де өз арамыздан табылды. Айдана Кеңбейілова есімдіапамыздың қолы шебер екен. Барлық балаға сол кісі өзі тігіп беріп жатыр, –дейді 4 «А» сыныбының жетекшісі Алтынай Бектасова.
Бұл шаруа мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары АйнұрБаянбекованың тікелей бақылауында көрінеді.
– Бәрі бірден бола қалмайды ғой. Бұрын Наурыз, Тәуелсіздік мерекесі кезіндеқазақы нақышта киінетін болсақ, енді апта сайын бір күнді осылай белгілепотырмыз. Мүмкін, сөйте-сөйте мектеп формасын ұлттық нақышқа өзгертерміз.Мұны келешек көрсетеді. Әсіресе төменгі сынып оқушыларының қызығушылығы басымекені байқалады, – деген ол ұлттық киімді насихаттаудан жалықпау керектігінайтады.
Ғұлама Қаныш атындағы қаланың батыр Баукеңнің есімін иеленген мектеп-гимназиясыныңбұл бастамасы баршаға жұғысты болғай!
Ұлытау облысы,
Сәтбаев қаласы