СӘТБАЕВ -50
Қаныш қаласы 50-ге толып жатқаншақта қала перзентханасында сәбилер іңгәлап өмір есігін ашып жатты. Орталықаурухананың перзентханасында үш сәби дүниеге келді. Аналарды құттықтау үшін қала әкімі ШапағатӘубәкір арнайы барып, сәбилерге деген ақ тілегін білдірді.
Торқалы той күні дүниегекелген екі кестетігер мен бір қамшыұстарға ақжарма тілегін ақтарған қалабасшысы Ш.Әубәкір оларға ұзақ та бақыттығұмыр тіледі.
— Періштелерді, оларды өмірге әкелген аналарды құттықтау үшін арнайыкелдім. Ұрпағымыз көбейе берсін, қала халқының саны өсе түссін! — деген ол Құттықтау хат, арнайысыйлықтар табыс етті.
Бұл күні жас ана ГүлбануҚабышева тұңғыш қызын дүниеге әкелсе,Мейрамгүл Қадырова үшінші перзентінсүйіпті. Көп балалы ана Әлия Долгоспаева бесінші сәбиін дүниеге әкеліпті.