СӘТБАЕВ -50
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы Мұса Тілеуовтің кезекті жыр жинағы «Тауларға таулар тамсанар» деп аталды.Бұл жыр жинағының тұсаукесері 11 қыркүйекте «Достық» Үйінде болыпөтті.
Бұған шейін жырсүйер қауымға "Үркер",«Думаным ұласып ғасырға», «Арқаның ару көктемі»кітаптарымен танымал ақынның жаңакітабының тұсаукесеріне оқырмандары көп жиналды. Қала әкімі Ш.Әубәкір бастағанқұттықтау легін қаланың Құрметті азаматтары Я.Асатов, Ж.Омаров, М.Жаппасбаева,З.Әбілбекова және басқалар жалғастырды. Ақындар Б.Мырзабеков, К.Ахметов, әнші Ғ.Мұхамедин және т.б.азаматтар көрші Жезқазған қаласының сәлемін арқалап келсе, Ұлытау аудандықмәслихатының хатшысы А.Құрмансейітов ақынның кіндік қаны тамған Ұлытау өңіріхалқының ыстық ықыласты құттықтауы мен сый-сияпатын табыстады. Бұдан басқақұттықтаушылар да аз болған жоқ. Жолсапарда жүрген ақын інілері Ғазиз Ештанаевпен Абдолла Дастановтың бір ауыз лебіздерін жеткізген кеш жүргізушісі, ақынАбай Ораз «Ақынды ақын алыста жүрсе де өлеңмен, жырмен құттықтайды» депаталған ақындардың өлеңмен жолдаған құттықтауларын оқып берді.
Кеш барысында ақынға көрсетілген құрметте шек болмады. Ақын өз сөзіндекөпшіліктің баршасына алғысын білдіріп, жиналғандарға жаңа өлеңдерін оқыды.