«ТАҒЫЛЫМДЫ ТҰЛҒА»
Ғұмыры үзілгенмен, өмірі жалғасып жататын тұлғалар болады. Тоғанбай Құлманұлы – солардың санатынан.Халқына журналист, публицист, өлкетанушы, ұстаз ретінде танылған ол өткен шақпенсөйлеуге тура келмегенде биыл небәрі 70жасқа толатын еді. Өкінішке қарай, осыдан екі жыл бұрын дүниеден өтіп кетті.
Еңбек жолын Қарсақбаймыс қорыту зауытында балқытушы болып бастаған ол 1977 жылдан бастаптележуралистика саласында еңбек етті. Т.Құлманұлының жетекшілігімен жүргізілген «Жұмадан жұмаға дейін», «Төрт босаға», «Кәусар», «Тағлым» танымдық,насихаттық телебағдарламалары көпшіліктің тамсана тамашалаған хабарлары ретіндіәліге шейін жұрттың жадынан ұмытылған жоқ.
Ол академик Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазғануниверситетінің филология факультетіжанынан ашылған журналистикабөлімінде оқытушы болып көптеген шәкірттер тәрбиеледі,университеттің «Ұлағат – Наше время» газетінің редакторы болды.
Кейін Астана қаласына қоныс аударып, ҚР Мәдениетминистрлігінің Дін комитетінде «Дін мәселелерін зерттеу және талдауорталығының» жетекші ғылыми қызметкері, «Әлеумет тынысы» журналы басредакторының орынбасары қызметтерін атқарды.Сондай –ақ, Астана қаласындағы «Сәкен Сейфуллинмұражайының» баспасөз хатшысы әрі әдіскері болып та еңбек етті.
Тоғанбай Құлманұлы Жезқазған – Ұлытау аймағының тарихыныңқалтарыста қалған тұстарына назар аударып, зерттеуге ұмтылды. Соның нәтижесіндеоннан астам кітабы жарық көрді. Олардың арасында «Ертағы, Кертағыны жайлағанжұрт» , «Ұлы даладағы Кішітаудыңқырандары», «Көркем мінез сауыты», «Мыс керуен соқпағы», «Темір желігебайланған тағдыр» және т.б.бар.
Жезқазған қаласындағыС.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханасында өткен «Тұлға тағылымы»ғылми –тәжірибелік конференциясында Т.Құлманұлының шығармашалық, ғылмиеңбектері, ұстаздық жолы, адамгершілік қасиеттері жайында кеңінен сөз болды.Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттықуниверситетінің профессоры, заң ғылымының кандидаты Жамаладен Ибраһимұлы«Тоғанбай Құлманұлының тарихи –танымдық еңбектерінің маңызы», Ұлытау облысымәслихатының депутаты, « ULYTAU» телерадиокомпаниясының креативті директоры Базаркүл Үмбетова «Ұлтмұратын ұлықтаған тұлға» тақырыптарында баяндама жасады.
Конференцияда Ұлытауоблыстық мәдениет, тіл және архив ісі басқармасының басшысы Әнуар Омар,облыстық Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Сағындық Қожамсейітов, «Алаң» ақпараттықагенттігінің бас редакторы Қанат Маханбет, ақын Несіпкүл Бекенқызы, ҚуанышМақсұтов және т.б. сөз сөйлеп, естеліктерімен бөлісті.Олардың тарапынан алдағы уақытта Т.Құлманұлы тұрғанүйге ескерткіш тақта орнату, облыс журналистері арасында оның атындағы арнайы сыйлық тағайындау жәнет.т. ұсыныстар айтылды.
Отбасы атынан сөз алғанзайыбы Ырысалды Т.Құлманұлының рухынакөрсетіліп жатқан құрмет үшін шынайы алғыс сезімін білдірді.