СӘРСЕНБАЙ АҚСАҚАЛ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ
2022 жылы жарты жылда 8 мың шақырым жол жүріп, еліміздің барлық өңірін аралап шыққанұлытаулық ақсақал Сәрсенбай Оспанұлы Қотырашов 2 тамыздан бастап әлемді жаяуаралауға аттанады.
Былтырғысаяхатын «Ұлытауға бардың ба?..» деп атаған,биылғы сапарға «Саяхаттау ешқашан кешемес» деген ұран таңдап алған ақсақалды Жезқазған тарихи – археологиялықмузейінде жаңа саяхатына шығарып салусалтанаты болды. Салтанатта Жезқазған қаласының әкімі Қ.Шайжанов, облыстықмәдениет, тіл және архив ісі мен қоғамдық даму басқармаларының басшылары Ә.Омар, Д.Мұхан, облыс ардагерлер Кеңесініңтөрағасы С.Қожамсейітов, ақындар М.Сейтқазинов, Қ.Мақсұтов және т.б. СәрсенбайОспанұлының сапарына сәттілік, жолынажақсылық тіледі.
Бұлсапар бірнеше кезеңнен құралмақ. Тамыздың 2-сі күні Атыраудан Астраханды беткеалып жолға шығатын ақсақал Ресейдің бірқатар жерлерін, Грузияны басып өтіп, Түркияға табан тіремек,Анкарадан Ыстамбұл қаласына шейін жаяу жүріп өтпек.
-Аллақуат берсе, сосын елге қайтып келемін де, 2024-2025 жылдары саяхатты қайта жалғастырамын. ӘлемніңФранция, Америка, Қытай, Моңғолия тәрізді елдерінде болғым келеді – дегенақсақал осы үш жылда 16210 шақырым жерді жаяу араламақ.