ҚАНЫШ ҚАЛАСЫНДА - ЖАҢА ӘКІМ
Бейсенбіде, Сәтбаев қаласы
әкімдігінің мәжіліс залында қала активінің жиыны болып өтті. Активке Ұлытауоблысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы қатысып, жиналғандарға қаланың жаңадантағайындалған әкімі Шапағат Момынбайұлы Әубәкірді таныстырды.
— Қаланың бұрынғы әкіміАсқар Абылайұлы Ыдырысов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне қызметауыстыруына байланысты Сәтбаев қаласының әкімі лауазымынан босатылды, қаланыңжаңа басшысы болып Шапағат Момынбайұлы Әубәкір тағайындалды. Мен сіздерге оныңөмірбаянын оқып, таныстырып жатпаймын. Өйткені, Шапағатты сіздер менен де жақсыбілесіздер.
Осы қалаға айрықшақолтаңбасын қалдырған әкім, марқұм Қанат Сұлтанұлы Балмағамбетовтің мектебіненөткен ол менің білуімше, өзі мемлекеттік қызметті бастаған әкімдіктегі барлықдерлік қызмет баспалдақтарынан өтіп,әкім болып тағайындалып отырған алғашқы азамат. Қаланың оң -терісін өте жақсыбіледі. Мен сондықтан оған сенім білдірдім — деген Берік Әбдіғалиұлының сөзінактивке қатысушылар зор қошеметпен қабылдады.
Қала халқының атынан сөзалған қалалық Ақсақалдар алқасының төрағасы Өтеш Ахметов жаңадан тағайындалғанәкімге сәттілік тілеп, "Қанат ағаңның мектебінде болдың, енді Берікағаңның мектебінде де алатын бағаң бірыңғай «бестік» болсын "деген ақтілеу лебізін арнады.
Ш.Әубәкір өзінекөрсетілген сенім үшін алғыс айтып, барлық білігі мен білімін қаланыңөсіп-өркендеуіне жұмсайтындығына ниетті екенін жеткізді.
Тақау арада қамал аларжасқа толатын азаматқа жаңа қызметінде тек қана сәттілік пен абырой тілейміз!