shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

ҚАНЫШ ҚАЛАСЫНДАҒЫ "ШЫНБОЛАТ МЕКТЕБІ!

ҚАНЫШ ҚАЛАСЫНДАҒЫ "ШЫНБОЛАТ МЕКТЕБІ!

ҚАНЫШ  ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ШЫНБОЛАТ МЕКТЕБІ»

      1998 жылдың 7 қарашасында күллі қазақтыңмақтанышы болған қайран Шәкем, Шынболат  Ділдебаев өмірден өтті. Міне, сол сәттенбастап оның екінші өмірі, Мәңгілік ғұмыры басталды.

Бұл ең алдымен, Шынболатесімін Кеншілер қаласындағы «Байқоңыр» кинотеатрын күрделі жөндеуденөткеріп, Кеншілер  Сарайына айналдыру туралыайтылған ұсыныстан басталды. Ал, мұндай ұсынысты айтқан "Қазақмыс"корпорациясының сол кездегі басшыларының бірі Руслан Борисович Юн болатын.Шәкеңді ақтық сапарға аттандыруға арналған қаралы митингіде айтылған ұсыныстансоң көп ұзамай-ақ корпорация кинотеатрды жөндеуден өткізуге кірісіп те кетті.

Әрине, Кеншілер  Сарайына ақын есімін беру  жергілікті жердің ұсынысы болғанымен,астанадағы құзырлы орындар, яғни, Үкімет шешетін шаруа болатын. Қазіргі  кездегі заң — зәкүннің талабы бойынша мұндайшаруалар кісі дүниеден өткен соң 5 жылдан кейін ғана қолға алынуы керек.Бәлкім, сол тұста да осындай талап болған шығар… Бірақ, Кеншілер  Сарайына Шынболат Ділдебаевтың есімін берутуралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №341 Қаулысы 2000 жылғы 2 наурыздақабылданды. Қаулыға сол кездегі Үкімет басшысы, еліміздің қазіргі ПрезидентіҚасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Осыған байланысты мемлекет және қоғам қайраткеріМұхамбет Жұманазарұлы Көпеевтен естіген бір әңгіме еске түседі.

— Шынболат ағамызөмірден өткен соң оның есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында Қаныш қаласындағыКеншілер  Сарайына беру туралы"Қазақмыс" корпорациясының ұсынысы жергілікті жерлерден қолдау тапқансоң, Үкіметке жіберілді. Мен сол кезде Қазақстан Республикасы  Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасарыедім. Бірде Сәтбаев қаласының әкімі Қанат Сұлтанұлы Балмағамбетов, енді бірдеРуслан Борисович Юн «сондай ұсынысымыз не болып жатыр?» депхабарласып, қозғау салуды өтініп жататын. Қағаздың қай кабинеттерге кіріп-шыққанын біліп отырдым. ҚР Премьерінің бірінші орынбасары, Қаржы министріА.С.Павловқа барған соң, одан әрі қарай жылжымай  тоқтап қалды. Сұрастырып көрсем, әртүрлі сөзайтылады.  Содан бюджет мәселесін қараукерек болды. Сол тұстағы депутаттық құрамның мықтылығы соншалық, депутаттарданбюджетті бекіттіру Үкіметке оңайға түсе қоймайтын. Қызу талқылау болып жатты.Содан бір күні Александр Сергеевич телефон шалып, менен  бюджеттің жылдамдатып қабылдануына ықпалетуімді өтінді. Мұндайды "Іздегенге — сұраған" демей ме? «Сіздіңалдыңызда осындай ұсыныс -хат жатыр. Егер Сіз де сол қағаздың шекесінеқұптайтыныңызды нақтылап, қол қойып, әрі қарай жіберсеңіз, дұрыс болареді» дедім. Александр Сергеевич «Жақсы, жақсы. Жігіттер мағанәкелмеген ғой. Таптырып алайын» деді. Көп ұзамай ұсыныстың Үкіметбасшысына жіберілгенін хабарлап, айтты — деген еді Мұхамбет ағамыз. Не болғандада, Шынболат ақынның есімінің Кеншілер Сарайына берілгенін білгенде біржелпініп қалғанымыз жадымызда.

Кейде қарапайым көпшіліктарапынан корпорацияның атына анау -мынау сөздер айтылып қалады. Бірақ, басқакомпанияларға қарағанда "Қазақмыстың" әлеуметтік  салаға, мәдениет пекн өнерге үнемі оң қабақтанытатындығын мойындау ләзім. Сарайға Шынболат есімінің берілуін респубикалықтойға айналдыруы осы сөзіміздің бір дәлелі. Сол жылғы Наурызда"Қазақмыс" корпорациясының демеушілігімен Сәтбаев қаласында Сарайдыңсалтанатты ашылуы болып, республикалық ақындар айтысы өткізілгенін халық ұмытаалмайды. Бас жүлде  — жеңіл автокөлікжерлес ақын Әнуар Омарға бұйырып еді -ау..

Арада екі жыл өтер — өтпестесол сәнді Сарайдың ішінен «Шынболат ақын» мұражайы ашылды. Шағын, жып-жинақы мұражай  содан бері халықтыңкөзайымына айналып келеді. Әсіресе, қала қонақтары мұражайға үлкен қызығушылықтанытады. Ұлтымыздың ұлы ақындарының бірі Фариза Оңғарсынова Сәтбаев қаласыхалқымен кездесуде: — Мен жаңа ғана Шынболат мұражайын аралап шықтым. Өтесүйсінерлік шаруа істеген екенсіздер. Өзімізді өзіміз осылайша әспеттеп,басқаларға көрсете білуіміз керек. Шағын мұражайда шалқар дүние тұнып тұр екен- дегенін естіген болатынбыз.  Бұдан артықне айтуға болады?

Әрине, мұның бәрі дұрыс.Ал, ең бастысы, Шәкеңнің мұрасын жалғастыру, ізін көмескілендіріп алмау емеспе? Бұл орайда «Шынболат мектебінің» атқарып жүрген қызметіорасан.  Сөз реті келгенде өзініңмектебін қалыптастыру Шынболат ақынның  арманы болғандығына куәлік етуге бармын.Өйткені, дүниеден қайтарынан біршама уақыт бұрын «Шынболат Ділдебаевқақаладағы „Қазақ тілі“ қоғамының төрағасы болуға ұсыныс жасалған екен,ол кісі бас тартыпты» дегенді естіп қалғасын, ағаның өзінен осы сөздің анық-қанығын сұрағаным бар-ды.

«Ия, әкімдіктарапынан сондай сөз болды. Бірақ, қоғамдық ұйымға басшылық ауқымды жұмыс. Сондықтан,бас тарттым. Менің қазіргі бар ойым, арманым — өзімнің мектебімді ашу. Азды-көптібілгенімді кейінгілерге үйрету. Әкімдіктегілерге де осылай дедім. Олар „жаңажылдан кейін бір ғимарат тауып, ретін келтірейік“ деді. Соны күтіпжүрмін» деген еді Шәкең. Ал, 1998-дің қарашасында, құстар қайтып жатқандаағамыздың өзі  көк жүзіне ұшты да кеттіғой..

Шәкеңнің сол арманынаяулы да асыл жары Гүлсара Қоңырбайқызы Жиенәлиева жүзеге асырды.

— Мұражай ашылған соң, Шәкеңніңбасты арманы болған мектеп ашу қамына кірістім. Қаладағы мектептерді аралап,талабы бар оқушылардың тізімін жасадым. Енді оларға бағыт-бағдар беріп отыратынұстаз болуға Дәуренбек Бұланбаевты шақырдым. Аса талантты ақын әрі мектептеқазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім, яғни, балалармен қалай жұмысжүргізуді жақсы білетін ол қуана келісе кетті. Сөйтіп, қазір ашылғанына 20 жылтолып отырған «Шынболат мектебінің» негізін қаладық  — дейді Гүлсара тәтеміз.

Әрине, жоқтан бар жасауешқашанда оңай болмаған. Әрі қазіргідей нарық заманында жұмыс істеместен бұрын екініңбірі қалтаға қанша түсетінін ойлап тұрады.

— Міне, сондай жағдайдатиын-тебен талап етпей-ақ,  Шәкеңніңәруағы, рухы үшін білгенін балаларға үйретуден аянып қалмаған  ақын ініміз Дәуренбек Бұланбаев және өзікезінде Шәкеңе шәкірт болып, соңына ерген танымал термеші, жыршы-жырау МұқашҚожахметовке алғысым шексіз. Осы азаматтардың арқасында мұражай ішінде жасталаптардың тұсаулары кесілді, олардың бірі айтыс өнеріне, енді бірі терме,жырға машықтанып жатты — деген Гүлсара Қоңырбайқызы мектептің жұмысының оданәрі  жанданып, жан-жақты жұмыс істеуінебірден-бір ықпал еткен азамат — Қанат Сұлтанұлы Балмағамбетов болғанын асқанризашылықпен еске алады.

Қанат СұлтанұлыСәтбаевқа 1999-дың тамызында әкім болып келді. Жаңа басшының жаңашылдығы әдегеннен — ақ байқалды. Ол кісінің назарынан ештеңе  сырт қалмайтындай сезілетін. Бірде ол ГүлсараҚоңырбайқызын шақырып, Шынболат мектебі туралы сұрап, біледі.

Жағдайға қаныққан соң,«Кейбір шаруаларын реттеу керек екен. Осы заманда адамдарға тегін жұмысістетіп қойған  Шәкеңнің әруағына рахмет,бірақ, бұдан кейін бұл мәселені шешейік» деп, мектеп ұстаздарына тиістіжалақы төлеудің шешімін тауып береді. «Шынболат мектебіне»  ақын Ғалил Жәнібеков ресми түрде жетекшіболып бекітілді.

Мектеп болғасын, оныңжұмысы елге, халыққа көрінуі керк емес пе? Міне, осындай оймен қалада алғаш ретоқушылар арасында айтыс өткізу жоспарланады.

— Тағы да Қанат марқұмдыеске алмаса болмайды. Алғашында біз отбасымыз, әулетіміз болып айтыстың шығынынөзіміз көтереміз деп ойлағанбыз. Мұны естіген ҚанатСұлтанұлы: — Жеңгей -ау,сонда біз мұнда неге отырмыз? Болмайды. Бәйге де, басқасы да біздің есебімізденболады. Сіздің міндетіңіз халық алдына ертең бізді ұятқа қалдырмайтындай  жас талант иелерін тауып, шығару — деді.Осылайша, 2003 жылы қалада оқушылар арасындағы айтыс өткізілді. Ал, келесіжылдан бастап "Қалалық оқушылар арасында" десек, ауқымы тарылыпқалады екен, «Аймақтық» деп өткізгеніміз дұрыс " деген ҚанатСұлтанұлы айтысты аймақтық деңгейге көтерді. Шынында да, айтысқа қызығушылықтанытқан талапты жастар жан-жақтан «Шынболат мектебіне» келе бастады.Олардың арасынан кейін республикалық айтысқа қатысқан айтыскерлер өсіп шықты.Мысалы, Мейіржан Әлібеков. Ал, Еркеназ Тілеубаева, Наурызжан Дүйсенбаевтарөкінішке орай, айтыстың соңына түспеді. Әйтпесе, ешкімнен кем түспейтінталанттар еді. Сол тұстағы  Әсел Бимұратова, ЕркебұланБижігітов, Медет  Жаналин тәрізді тамашатермеші жастар кейін де биік-биік сахналардың көркіне айналды. Кейін халыққатанымал болған Жанбол және Өміржан Көпбосыновтардың айтыскер ақындарретіндегі  алғашқы тұсаулары осымектептің қабырғасында кесілді.

Мектептің жанды жұмысістеуіне  зор үлес қосқан азаматтардыңбірі Әнуар Омар болды. Ол Сәтбаев қаласына әкім болып тұрғанда жастар арасындааймақтық  жазба ақындар, айтыскерлер,  термеші- жыршылар  және шешендік  пен  қолөнер бұйымдарын  жасауға  үйрететін бірнеше  үйірмелер  ашты. Демек, «Шынболат мектебінің»мәртебесі артты,  деңгейі көтерілді.

Қаланың қазіргі басшысыАсқар Абылайұлы Ыдырысов қалада жыл сайын жас ақындар айтысын өткізуді дәстүргеенгізді. Әрине, сол айтыстарға  «Шынболат мектебінің» өрендері деқатысып бақ сынап жүр. Олар осындай додаларда жетпесі болса, үйренеді, кемдігіболса, түзейді. Демек, әр жыл сайын шыңдала түседі.

Жоламан Мағзұмов, АбзалМақаш, Жұлдыз Елеусіз, Мәди  Олжабай,Мақпал  Көшербай  сынды жас ақындар  Шәкең мектебінің мақтаныштары.

Өткен жылдан беріаталмыш мектепке аймағымызға танымал азамат, әрі ақын әрі әнші Ізтөлеу Түсіпжетекшілік етуде. Қашаннан -ақ ізденімпаз,  өзі де өнердің отымен кіріп, күлімен шығыпжүрген Ізтөлеудің «Шынболат мектебіне»  соны серпін беретіні күмәнсіз. Қазірдіңөзінде біршама шаруалардың атқарылып жатқанына қарап солай сенім білдіругеболады. Мысалы, биылдың өзінде «Шынболат мектебінің» ұйтқы болуыменбірнеше мүшайра ұйымдастырылды.

— Осындай іс-шаралардыңарқасында бұрын көріне қоймаған жас талаптар көзге түседі ғой. Соларды ақырындапмектепке тартып жатырмыз. Бәлкім, бәрі бірдей ақын, жыршы, жырау болып кетпес,бірақ, дегенмен, «ел іші — өнер кеніші» демекші, кеніштің ішінен небірасыл, жауһарлар табылады -деген Ізтөлеудің сөзінен Шәкең мектебінің ертеңінкөргендей болдық.

Сәтін салса,желтоқсанның 2-3-күндері Сәтбаев қаласындағы Шынболат Сарайында республикалықжас ақындар айтысы өтеді. Келіңіздер, көріңіздер! «Шынболатмектебінің» бірнеше шәкірттері де сол айтыстың белортасынан табылатынболады. «Баласы атқа шапса, атасы үйде отырып тақымын қысатын»қазақтың баласымыз ғой, үйде жатып алмай, айтысқа барыңыз, қиқулатып, қанқоздырып, рух беріп, додаға түскендерге дем беріп отырыңыз. Шынболаттың өзіболмаса да, оның өнерін бүгінге жалғап, ертеңге апаратын өнерлі ұл-қыздарыңыздықолдап қойыңыздар!

10:34