Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ: ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫН ҚҰРУ – ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМ
Мемлекет басшысының жұртшылық жылы қабылдаған шешімінің бірі – еліміздің бірнешеөңірінде жаңа облыстарды құруы болды. Соның ішінде Ұлытау да бар. «Бұл аймақтадербес облыс құру – экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешім.Оның өндірістік қуатын, логистикалық мүмкіндігін ұтымды пайдалану керек. БізҰлытау аймағының дамуына жол ашамыз» деген болатын Президент.
Бұл бастама ұлт ұясы атанған өңірге серпінбергенін көріп отырмыз. Өткен аптада аймақтың 2022-2026 жылдардағыәлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары бекітілді. Бес жылғамежеленген іс-шараларға 1,9 трлн теңге инвестиция бөлінеді. Осы орайда облысәкімі Берік Әбдіғалиұлымен өңірде қандай жобалар жүзеге асатыны жөніндеәңгімелестік.
– Берік Әбдіғалиұлы, кезінде облыстардыоңтайландырып, біріктіргеннен еліміз не ұтты, Жезқазған өңірі не жоғалттыдеп айтар едіңіз?
– Аталған әкімшілік реформаға қатыстыкөзқарас әралуан. Соның ішінде өңірлерді біріктіру демография, ұлттық мүддетұрғысынан солтүстік өңірлерге оң әсер етті, қазақылануына септігін тигіздідеген пікір айтылады. Бірақ, менің ойымша, сол тұста басты мақсат осы ғанаемес еді. Ол – кейіннен келіп шыққан нәтиже. Әрине, астананың Арқаға көшірілуітиімділігін көрсетті. Әкімшілік реформа қаражатты шоғырландыруға, ұтымдыжұмсауға ықпал еткені рас.
Жасыратыны жоқ, Жезқазған жұртшылығы сол кездегіөзгеріске ренішті болды. Өйткені бұл аймаққа жеткілікті көңіл бөлінбеді.Аумағы тым үлкен, ірі өнеркәсіп орындары шоғырланған Қарағанды облысының өзпроблемасы да жетіп артылатын. Оған тағы бір көлемді облыс – Жезқазғанның қосылуыжүкті тым ауырлатып жіберді. Сондықтан Мемлекет басшысының бұл аймақта қайтаданжеке облыс құру жөніндегі бастамасы ел игілігі үшін дер кезінде қабылданған,жұрт айрықша қуанышпен қабылдаған әділетті шешім болды.
– Бұрын Жезқазған құрамында болған біраз аудан-қалаоблыс қайта құрылғанда Қарағанды аумағында қалды. Қазір Ұлытаудың еншісіндебарлы-жоғы үш қала мен екі аудан бар. Ол мәселе облыстың дамуына қалай әсеретеді деп ойлайсыз?
– Соншалықты теріс әсері бар деп айтаалмаймын. Бұл жерде біз мына мәселеге назар аударуымыз керек. Мемлекетбасшысының басты саясаты – халық үніне құлақ асу. Кез келген істі халықпенкеңесе отырып, көпшілікке ыңғайлы жолын қарастыру. Бұл жерде де Президент еңалдымен жұрттың қалауын ескеріп, оларға тиімді шешім жасады. Ұлытау облысы екіаудан, үш қаладан құралып, тұрғындар саны аз болғанымен, аумағы бойынша –елімізде бесінші орында. Бұл жақта шалғай ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ету,жолын жөндеу, халықтың әл-ауқатын арттыру сияқты жылдар бойы қордаланып қалғанпроблема жеткілікті.
–Айтқымыз келгені, еңбек күші, тұтынушы нарығы дегеніңіз экономиканың қозғаушыкүші. Кәсіпкерліктің дамуына да тұрғындардың көп болғаны қажет...
– Әрине, кезінде облыс мәртебесінен айырылғаннан кейін халықсаны едәуір азайды. Ол – заңдылық. Жұртшылық болашағына алаңдап, Астанаға,Алматыға, облыс орталығы – Қарағандыға көшті. Баспананың өзін сол жақтарданалды. Кәсіпкерлер де бизнесінің келешегін ойлап, халық көп шоғырланғанжерлерге кетіп жатты. Статистикалық мәліметке қарасақ, өңірден былтырдыңөзінде 8 мың адам, биыл 5 мың тұрғын көшкен екен.
Облыстың қайта құрылуы үдере көшуді тоқтатады. Оған күмән жоқ.Керісінше, енді тұрғындар саны артады. Қазірдің өзінде облыс орталығындакөптеген мекеменің ашылуымен бірге көшіп келушілер көбейді. Біздіңесебімізше, облыстық департамент, басқармаларды кадрмен қамту аясында алғашқыкезекте мыңға жуық адам келеді. Олардың отбасын есептесеңіз, елге қосылған халықтыңсаны бірнеше есеге көбейеді. Бұдан бөлек, инвестиция тарту, жаңа кәсіпорындарашу бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр. Алдағы жылы Жезқазғанда халықаралықтехникалық университет ашылады. Оған білікті мамандар, еліміздіңтүкпір-түкпірінен студенттер келеді. Келгендерді баспанамен қамтамасыз етуқажет. Отбасы саны көбейген соң мектеп, балабақшаға сұраныс артады. Бұл өзкезегінде құрылысқа қарқын береді. Ол салада да қосымша жұмыс орындары ашылады.Осындай кешенді жоспарды іске асырсақ, алдағы үш жылда облыста тұрғындар санынүш жүз мыңға жетеді деген жоспар бар.
– Ірімекеме-ұйымдар көп жыл бойы негізінен Қарағандыда болғандықтан, бұл жақтамамандар көп тұрақтамағаны белгілі. Осы мәселені қалай шешіп жатырсыздар?
– Рас, кадр мәселесі өте күрделі. Маман тапшы. Сабақтастықүзіліп қалған. Көп дүниені жаңадан бастап жатқандықтан, қиындықтар жеткілікті.Бірақ жұмыс жүріп жатыр. Біз өңірлердің алды болып, басқармаларды құрып,кадрларды біршама түгендеп алдық. Бюджетіміз қалыптасып, кешенді жоспарымыз дақабылданды. Мамандарымыз белсенді жұмыс істеп жатыр. Бірақ тапшылық сонда дакөрініп тұрады. Бір адам екі-үш маманның жұмысын істеп жүр. Осы орайдаәріптестеріме рахмет айтамын. Ең бастысы, дайындық шараларын дер кезінде жасапалдық. Енді жұмыс жүйеге түседі деп ойлаймын.
– Өткенаптада облысты әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары бекітілді.Осы құжат бойынша алдыңғы кезекте қандай іс-шаралар жүзеге асады?
– Иә, алдағы бес жылда атқарылатын жұмыстар нақтыланды.Үкіметпен бірлесе отырып, облысты дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешендіжоспарын бекітіп алдық. Жүзеге асатын іс-шаралар 9 бағытты қамтиды. Ол –индустриялық-инновациялық даму, минералдық-шикізат базасын кеңейту,кәсіпкерлік, агроөнеркәсіптік кешен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлікинфрақұрылымы, әлеуметтік инфрақұрылым салаларын өркендету, экология жәнетабиғатты пайдалану.
Бес жылдық кезеңдегі инвестициялардың жалпы көлемі 1,9 трлнтеңге болады. Оның ішінде республикалық бюджеттен 393,6 млрд теңге, жергіліктібюджеттен – 138,6 млрд теңге бөлінеді, жеке инвестициялар 1,4 трлн теңгеніқұрайды.
Бұл жоспарды жасау барысында біз өңір халқы айтып жүрген еңөзекті мәселелерді саралап, алдыңғы кезекте соған назар аудардық.Жезқазғандықтар үшін көкейкесті мәселенің бірі – сапалы ауыз суға қол жеткізу.Қазір қала ауыз судың 60 пайызын Кеңгір су қоймасынан, 40 пайызын Үйтас-Айдосжерасты көзінен алады.
Кеңгір суының сапасы төмен екені жасырын емес. Сондықтан жаңатехнологияны қолданып, су қоймасын тазалауға кірісеміз. Ал негізгі жұмыс –қаланы сапалы суымен қамтамасыз ету. Президент тапсырмасы бойынша суағардыреконструкциялау бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, оң қорытындыалынды. Бұл жұмысты Қарағанды облысы бастаған, біз әрі қарай жалғастырыпжатырмыз. Құрылыс жұмысы 2023 жылы басталады. Осы арқылы болашақта жерастысуының үлесін көбейтеміз. Кеңгірдің суын тазалаймыз. Сонда алдағы екі жылдасудың сапасы өзгереді.
Екінші мәселе – минералдық ресурстарды дамыту. Біз қазір«Қазақмысқа» тәуелдіміз. Бюджетіміздің 70 пайыз түсімі корпорация арқылыкеледі. Ұлытауды келешекте өзін-өзі толық қамтамасыз ете алатын, қуатты аймаққаайналдыру үшін жалғыз кәсіпорынға алақан жайып отырмай, экономиканыәртараптандыруға күш салуымыз керек. Сондықтан өңірдің қазба байлығын іскежаратып, инвестиция тартуды, жаңа кәсіпорындар ашуды көздеп отырмыз. Бұл реттеоблыста минералдық-шикізат базасын кеңейту аясында геологиялық кластер салынып,9 кен орнына геологиялық барлау жұмыстары жүргізіледі.Индустриялық-инновациялық даму аясында химия, мұнай өңдеу, қара мысконцентраттарын өндіру зауытын ашу, Жезқазғандағы мыс балқыту зауытында жаңакүкірт қышқылы цехын іске қосу жоспары да бар. Қазір елімізде жанар-жағармайтапшылығы байқалып отырғаны белгілі. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін өңірдемұнай өңдеу зауытын салғымыз келеді. Бұл мәселені мен Үкіметтің алдында көтергенмін.Егер бізге жылына 1 млн тонна мұнай беріп тұрса, оны өңдейтін зауытты ашуғадайынбыз. Шикізатты осы өңірден де табуға болады.
Тағы бір басым бағыт – агроөнеркәсіпті дамыту. Бұл салада ет,сүт өңдеу зауыттарын салу, құс еті мен жұмыртқа өндіру кешенін іске қосу, ұнтарту кешенін жаңғырту сияқты 11 инвестициялық жобаны іске асырсақ деп отырмыз.
Бір ғана мысал айтайын, Ұлытау облысында еліміздегі әлеуметтікмаңызы бар азық-түлік тізіміндегі 19 өнімнің 3-еуі ғана шығады. Ол: ет, нан,ұн. Қалғанының бәрі сырттан келеді. Қарағанды облысы, қателеспесем, солтізімдегі 17 түрлі өніммен өзін-өзі қамтамасыз етеді. Біз көкөніс, сүтөнімдерін Қарағандыдан немесе оңтүстік облыстардан алып отырмыз. Енді сыртқатәуелді болмай, осы 19 өнімнің кемінде 13-ін өзімізде өндіруді мақсат етіпотырмыз. Көкөніс түрлерін, сүт және макарон өнімдерін дайындау өзкәсіпкерлеріміздің де қолынан келеді. Осы мақсатта әлеуметтік кәсіпкерліккорпорациясын құрып қойдық. Сол арқылы кәсіпкерлерге қолдау көрсетеміз.
Сосын бұл жақта малдың басы да қауырт өсіп келеді. Өкініштісі,оның да игілігін толық көріп отырған жоқпыз. Біздің өңірдің малын сырттанкеліп, арзан бағаға алады да бордақылап, өзімізге қымбатқа сатады. Сондықтанбордақылау алаңдарын ашуды жоспарлап отырмыз.
Тұрмыс деңгейін арттырудағы шешуші фактордың бірі – жолсапасы. Республикалық жолдарды айтпағанда біздің ауданаралық, ауыларалықжолдарымыз әбден тозған. Қаражаттың қомақты бөлігін осы бағытқа бөлу қажет.Кешенді жоспар бойынша жалпы сомасы 264 млрд теңгеге 227 шақырым облыстықавтожолдар және 118 шақырым қалаішілік және кентішілік жолдар салынады, қайтажөнделеді. 2023 жылдың өзінде облыстық және аудандық маңызы бар 156,5 шақырымавтокөлік жолын жөндеу жоспарланды.
– Көпжылдан бері айтылып келе жатқан Жезқазған – Қарағанды, Жезқазған – Қызылордажолдарының тағдыры не болды?
– Республикалық маңызы бар жолдарға келетін болса, өкінішкеқарай, Жезқазған-Қызылорда бағытына 90 миллиард теңге бөлініп, байқау өтті де,ұтқан компания бас тартып отыр. Құрылыс материалдарының қымбаттап кеткенін алғатартады. Енді министрлік қайтадан байқау ұйымдастырайын деп жатыр. Бұл 2024жылы бітуі керек еді. Енді биыл байқау ұйымдастырылса, ендігі жылы бастала мадеп үміттеніп отырмыз. Ал Жезқазған – Қарағанды бағыты бойынша жобалық-сметалыққұжаттар әзірленіп жатқанын естіп отырмыз. Құжат дайын болса кейбір учаскесіндежұмыс келесі жылдан басталатыны айтылып жатыр. Ал Арқалық-Ұлытау арасындағы 30шақырым жолды жөндеуді келесі жылға жоспарлап отырмыз.
–Ұлытау дегенде негізгі табыс көзі ретінде түсті металлургия мен ауыл шаруашылығынанкейін туризм саласы аталады. Жалпы, туризмнен түсім болады деп ойлайсыз ба?
– Иә, туризм – Ұлытау үшін өңірлік дамудың негізгі бағыттарыныңбірі. Сондықтан да кешенді жоспарға сәйкес туризмнің дамуына 1,5 млрд теңгеқаражат бөлу жоспарланып отыр. Одан бөлек, «Қазақмыс» корпорациясымен жасалғанмеморандум бойынша Ұлытау селосында бірқатар туристік нысан салынады. Осыдан 10жыл бұрын туризмнің біздің өңірде дамитынына көпшілік күмәнмен қарайтын.Өйткені жер шалғай, жол нашар. Бірақ соңғы жылдары көзқарас өзгерді. Қазір бұлөңірге саяхаттап келушілер көбейді, кәсіпкерлер де табыс көзі екенін түсініпотыр.
– Түсімдемекші, «Жошы хан» кешені салынғаннан бері бұл салада табыс қаншалықты өсті?Байқауымызша, туристер соншалықты артпаған сияқты...
– «Жошы хан» – коммерциялық емес, тарихи, геосаяси мәні баржоба. Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен ашылған бұл кешеннің басты мақсаты– рухани тәрбиені, елдік құндылықтарды қалыптастыруды жүзеге асыру. Еліміздіңкешегі Ұлы даланы жайлаған іргелі мемлекеттің заңды мұрагері екенін таныту.Кешен салынғаннан бері қасиетті мекенге тәу етіп келушілер қатары айтарлықтайартты. Жыл басынан бері 20 мыңға жуық адам келді. Туристер ағынының айтарлықтайартпағанына қазір кешеннің қаладан тысқары орналасуы, жолының нашарлығы ықпалетіп отырғаны аян. Сондықтан Жошы хан кешеніне жол салынып жатыр.
Сонымен қатар Ұлытауда басқа да ескерткіштер бар. «Қазақмыс»корпорациясымен келісіп, Әулиетау, Күмісбұлақ, Тасбұлақ, Теректі әулиемекендерінің маңын абаттандырамыз. Сосын Жезқазғанда қонақүй тапшы. Ендігіжылдың өзінде 3 қонақүй құрылысын бастаймыз деп жатырмыз. Бұған қоса арнайытуристік маршруттар дайындаймыз. Осы жұмыстың барлығы туристер ағынының артуынаықпал етеді деп ойлаймын.
–Жезқазғанда үй тапшы деп естіп отырмыз. Жан-жақтан келіп жатқандар, үйкезегінде тұрғандар көп. Бұл бағытта қандай шараларды қолға аласыздар?
– Баспананың тапшы екені рас. Оның үстіне бағасы қазірдің өзіндеқымбаттап кетті. Облыс болуы әсер етті, сонымен қатар бұрыннан тұрғын үйжеткіліксіз. Бұған дейін жылына бір-екі үйден салынып отырды. Үйге мұқтаж адамкөп, облыс бойынша 6 мыңға жуық адам пәтер кезегінде тұр.
Сол себепті халық санының өсуін ескере отырып, Жезқазғанқаласында 60 үйді қамтитын үш шағын аудан салуды жоспарладық. Жеке тұрғын үйқұрылысына 1 мың учаске бөлінеді. Сондай-ақ Жезқазғанда 26 апатты үйді,Сәтбаевта 20 апатты үйді жаңарту жұмыстары жүргізіледі.
Бұған қоса Жезқазғанның өзінде кем дегенде алдағы жылдары 3 мектеп,облыс бойынша 9 мектеп саламыз. «Қазақмыстың» қолдауымен үлкен спорт кешенітұрғызылады. Келесі жылы облыс орталығында театр құрылысы басталады.
Қазіргі таңда 2-6 жастағы балалардың балабақшамен қамтылукөрсеткіші – 83%, ал 3-6 жас бойынша 89,4% құрады. Облыс бойынша 2023 жылы Жезқазғанжәне Сәтбаев қалаларында 640 орындық 2 балабақша құрылысы аяқталып, Жезқазғандажәне Ұлытау ауданында 200 орындық 2 балабақша құрылысы басталады.
–Жоспарларыңызды қарап отырсақ, ірі жобалардың дені қалаларды қамтитын сияқты.Осы орайда ауылдық елді мекендер назардан тыс қалған жоқ па?
– Жоқ, жоғарыда аталып өткен іс-шаралардың қомақты бөлігіауылдық елді мекендерді де дамытуды көздейді. Жол салу, мектеп, балабақша,баспана тұрғызу, кәсіпкерлікті қолдау шаралары тұтас облысты, соның ішіндеауылды да қамтиды.
– Облысхалқының қанша пайызы ауыл тұрғындары?
– Тұрғындардың басым көпшілігі – 79%-ы қалада, 21% ауылдатұрады. Барлығы 76 ауыл бар. 2024 жылы цифрландыру ұлттық жобасының аясындаоблыстың барлық аумағын интернетпен, ұялы байланыспен толық қамту жоспарланған.
Қазіргі таңда облыс аумағындағы елді мекендердің 93,5%-ы тазаауыз сумен қамтамасыз етілген. 2025 жылға дейін көрсеткішті 100%-ға жеткізумақсатында Ұлытау облысының кешенді дамыту жоспарына 5 елді мекенде су құбырынсалу және 30 ауылды елді мекенде кешенді блок-модульдер орнату жоспарланыпотыр.
– Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен
Қамбар АХМЕТ,
«EgemenQazaqstan»
09 Қараша, 2022 жыл