shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

Ұлытау облысының әкімі Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ: ӨЛКЕНІҢ ӨРКЕНДЕУІ бедерленген бағдарлама бекітілді

Ұлытау облысының әкімі Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ: ӨЛКЕНІҢ ӨРКЕНДЕУІ бедерленген бағдарлама бекітілді

Құрметті жерлестер! ҚР Үкіметі Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын мақұлдады. Бұл маңызды құжаттың қабылдануы — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауы және біздің төрт айдан астам еңбегіміздің нәтижесі деп қабылдаймын. Осы орайда, ең алдымен Мемлекет басшысына, Үкіметтегі және өңірдегі әріптестеріме және қолдау көрсетіп жүрген облыс тұрғындарына зор алғыс білдіремін. Бұл Стратегиялық құжат Ұлытау өңірінің қайта түлеп, жаңадан жаңғыруына ерекше серпін береді деп сенемін. Облыстың даму бағдарламасы құтты болсын! Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары 9 бағыт бойынша іс-шаралар кешенін қамтиды. Жалпы, бес жылдық кезеңдегі инвестициялардың жалпы көлемі — 1,8 трлн. теңге. Ұлытау облысының индустриялық-инновациялық дамуы өнеркәсіптік реагент шығару жөніндегі химия зауытының құрылысын, мұнай өңдеу зауытын, қара мыс концентраттарын өндіру зауытын, Жезқазған мыс балқыту зауытының жаңа күкірт қышқылы цехын және т.б. іске қосуды қамтиды. Өңірде минералдық-шикізат базасын кеңейту аясында геологиялық кластер салынып, 9 кен орнына геологиялық барлау жұмыстары жүргізіледі. Инвестициялардың жалпы көлемі 20 млрд. теңгені құрайды. Агроөнеркәсіптік кешен саласында 11 инвестициялық жоба іске асырылатын болады. Сала инвестицияларының жалпы көлемі 45 млрд. теңгеден асады. Әлеуметтік салада 47 жаңа нысан салынады. Барлық іс-шаралардың жалпы сомасы 94 млрд.теңгеден асады. «Еңбек» футбол клубы жанданып, «Арыстан» балалар хоккей мектебі ашылады. 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жаңа Ұлытау мемлекеттік техникалық университетіне студенттерді қабылдау жоспарлануда. Жезқазған қаласында 1800-ге жуық пәтерді қамтитын үш жаңа шағын аудан салынады. Жеке тұрғын үй құрылысына 1 мың учаске бөлінеді. Аталған іс-шараларға 62 млрд.теңгеден астам қаражат бағытталады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға бағывтталған инвестиция көлемі — 450 млрд. теңгені құрайды.Бұдан басқа, өңірдің газ инфрақұрылымын дамыту жобасын іске асыру үшін 34 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінеді. Жалпы сомасы 264 млрд.теңгеге 227 км облыстық автожолдар және 118 км қалаішілік және кентішілік жолдар салынады, қайта жөнделеді және жөнделеді. Туризм саласын дамытуға 1,5 млрд. теңге бағыттау көзделген. Жалпы, іс-шаралардың барлық кешенін іске асыру өнеркәсіп көлемінің 41% — ға, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі көлемінің 35% — ға өсуін қамтамасыз етеді. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3,7 есе, ал ШОБ субъектілерінің өнім шығаруы 2,5 есеге өседі. 9,5 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орындары құрылады.ІСКЕ СӘТ!

13:33