shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

​"ҚАЙРАН ЕЛІМ, БІРЛІГІҢДІ САҚТАҢДАР! "

​"ҚАЙРАН ЕЛІМ, БІРЛІГІҢДІ САҚТАҢДАР! "

Сәтбаев қаласында Қазақстан  Республикасының еңбек сіңірген мәдениетқайраткері, термеші, жырау, кенші, ақын Шынболат Ділдебаевты жыл сайын 22 сәуір-  туған күні қарсаңында және 7 қараша-өмірден өткен күніне орай еске алу шараларын өткізіп тұру дәстүрі қалыптасқан.Биыл ақынның туғанына — 85 жыл толса, өмірден өткеніне келесі жылы ширек ғасыртолады.

5 қарашада қала музейінде "Қайран елім, бірлігіңді сақьаңдар!" тақырыбымен  Шынкеңнің рузхынаарналған еске алу кеші өтті.Кешке ақынның көзін көрген замандастары, жас ақындар, көпшілік өкілдеріқатысты.

Кешті қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басмаманы Гүлбәну Темірболатқызы кіріспе сөз сөйлеп ашты.

Бұдан соң Сәтбаев қаласының Құрметті азаматтары ЯхияАсатов, Зейнеп Әбілбекова, Абдолла Дастанов, еңбек ардагері Болат Әбдіқасов,ұлағатты ұстаздар Аман Бұқар, Іргебай Әбдікәрімов  Шынболат Ділдебаев туралы естеліктерімен бөлісті.

Ақынның зайыбы Гүлсара Жиенәлиева халқының жүрегінде қалған Шынболаттың  рухани мол мұрасына жастар тарапынан қызығушылықтыңзор екендігіне тоқталды. — Жастар Шынкеңнің жолын одан әрі ұзарта түседі -дедіол.

Ш. Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайының директорыИндира  Қанафина еске алу кешініңқұрметті қонақтарына алғыс айтып,  сый-құрмет жасады.

17:35