ТОҚАЕВТЫҢ ТӘУЕКЕЛІ
ТОҚАЕВТЫҢ ТӘУЕКЕЛІ
Биылғы Жолдаудан бәрін күттік,бірақ, кезектен тыс Президент сайлауыжарияланатынын ешкім де күткен жоқ. Ел ойламаған жаңалықтың бірі Президенттің 7 жылға және бір адамның бір ғана мерзімгесайланатыны туралы бастама болды.
Қоғам сол сәтінде — ақдүр ете қалды. Сынап — мінегендер де, мақтап — қостағандар да жетерлік. Арадабірер күн өтер — өтпесте Мәжіліс депутаттарының бір тобы «Нұр — Сұлтан»қаласын қайтадан «Астана» деп атау туралы мәлімдеме жасады. Айналасыон бес — жиырма күннің ішінде Конституцияға өзгерістер енгізілді, кезектен тысПрезидент сайлауының өтетін күні де нақтыланды, «Нұр — Сұлтан»қайтадан Астанаға айналды. Осы өзгерістердің бір — бірімен байланысты екенісоқырға таяқ ұстатқандай ап — анық. Ал, 5 маусымда өткен референдумда осыөзгерістер неге енгізілмеді, арада бар — жоғы екі-үш ай өткенде Конституцияға тағыда өзгерістер енгізудің қажеттілігі неден туындауы мүмкін? Меніңше, көптіңкөкейін кезектен тыс сайлау, ел астанасы атауының өзгеруінен гөрі осы сұрақкөбірек толғандыратын тәрізді. Шынында неге? Бір қарағанда, Қасым — ЖомартТоқаевқа өзі де қатысатын кезектен тыс Президент сайлауын жариялау соншалықты қажет пе еді?Президенттік мерзімінің бітуіне әлі екі жыл уақыты бар еді… Ешкім көшеге шығып"Шал, кет!" деп айқайлап та жатқан жоқ. Қалған мерзімде саяси реформаны тереңдете жүргізіп, халық арасындағықазір де осал емес абырой, беделін биіктетіп барып сайлауға түссе, желдіртіпөте шықпайтын ба еді?!
«Кезектен тыссайлау арқылы Президент өзінің өкілеттік мерзімін ұзартып алғысы келеді. Бұл даНұрсұлтан Назарбаевтың жолына түсті, биліктен кеткісі келмейді.» Нөпірсынның бірі — осы. Біріншіден, әлі сайлауда кім жеңетіні белгісіз. Екіншіден,Президент екінші рет қана сайланады. Үшіншіден, жаңа заң бойынша 7 жылғасайланса да, бұрынғысынша сайланса да, билік басында 10 жылдан артық отырмайдыекен. Яғни, бес жылдан екі мерзім отырса да 10 жыл. Алдағы сайлауда 7 жылғасайланса да осыған шейінгі үш жылын қоссақ та 10 жыл. Сонда өкілдік мерзімінұзартып алады деп қалай айтуға болады? Қарапайым есептің қорытындысына қараңыз. Демек, бұлешбір негізі жоқ сын. Осының өзінен — ақ қазіргі Президенттің Біріншінің жолынатүспейтіні байқалады. Өйткені, Конституцияға бір адам бір ғана мерзімге сайланады деп жазып қойдық. «Бұл баптыңертең тағы да өзгеріп кетпесіне кепілдік бар ма?» дейтін орынды сұраққойылуда. Әрине, «аузы күйген үрлеп ішеді» демекші, ел Конституциясының бұған дейінгі санөзгерісін бастан кешірген елдің көңілінің күпті болатыны, күдікке толы келетініайтпаса да түсінікті. Келесі жылдан бастап елімізде Конституциялық Сот өз қызметінбастайды. Бұл бұрынғы Конституциялық Кеңес емес. Конституцияның тұрақтылығынасол 8 жыл мерзімге сайланатын Конституциялық Сот кепіл болады деп жатыр. Соғансенейік.
Сонымен, қазақытілмен айтқанда, референдум өткізіп,біршама саяси мәселелердің шешімін тауып, орынтағында тып-тыныш қанаотырған Қасым-Жомарт Тоқаев неғып аяқастынан сайлау жариялады? Бұдан соң «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобыда ел астанасының атауын қайтадан «Астана» деп атау туралыбелсенділік танытып шыға келгені қалай?
Менің ойымша,референдумнан кейін Біріншінің тарапынан Екіншіге жұмсартып айтқанда, үлкенөкпе — реніш білдірілген тәрізді. Бұлайдейтініміз, есіңізде болса, Конституцияға өзгерістер алғашында Парламет арқылыенгізіледі делінген еді ғой. Алғашқы вариантта Елбасының Тәуелсіз мемлекеттіңнегізін қалаушы ретіндегі ролі туралы бап өзгеріссіз қалдыру көзделген блатын. Бірақ,қоғамның басым бөлігі Елбасына қатыстыбарлық бапты Конституциядан алып тастауды талап етті. Президент Қасым — ЖомартТоқаев халықтың бұл талабына құлақ түрді. Нәтижесінде Конституциядан Елбасынақатысты баптардың бәрі де алынып тасталды. Бұған әрине, Нұрсұлтан Назарбаев үнсіз қалды деп ойлайсызба? Сонда Бірінші не айтуы мүмкін? Әрине, 2019-дың 19 — наурызында өз еркіменкетіп, Президент лауазымына лайықты басқа да кандидаттар болғанына қарамастантаңдауының өзіне түскенін еске салуы мүмкін емес. Сол сияқты, халық"Қосанов", "Қосанов" деп шуылдаған сайлау тұсында егер өзіқолдамағанда саған жеңістің ауылы алыс еді деуі де мүмкін. «Біздің сондағыеңбегімізді естен шығарып, бәрімізді біртіндеп шеттетіп жатырсың» дегенболар. Сонымен бірге, «NurOtan» партиясының Төрағалығынан бастартуын да "қателікке" балап, «сайлау кезіндегіең мықты тірегіңнен айрылдың? Ендігі сайлауда ешқандай партияға арқа сүйемейқалай жеңіске жетесің?» деп айтқан болса, таң қалмас едім. Өйткені, бұлпартия Нұрекеңе қаншама жылдар бойы ең сенімді тірек бола білгені ақиқатқой. Әрине, біздің жорамал-болжамдарымыз екеуара әңгімедегі ең жұмсақ тұстарығана болуы мүмкін… Әңгіме бұдан дақатты өрбуі мүмкіндігін жоққа шығара алмаймыз.
Бірінші мен Екіншініңарасында үлкен салқындық бар екені ел астанасындағы жаңа мешіттің ашылусалтанатында бірден байқалды емес пе? Нұрсұлтан Назарбаев бұл шараға өзі ғанакеліп қойған жоқ, Қасым — Жомарт Тоқаев биліктен ысырған бұрынғы«мықтылардың» бәрін ертіп келді. Бұл не? Айбат шегу ме? Күш көрсетуме? Әлде елдің көзін қоғамда ешқандай өзгеріс болып жатпағанына сендіру ме?Қалай десек те, бұл жағдай Қасым — Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаевтыңжолдарының түпкілікті түрде екі айрылғанын айғақтады. Қасым — Жомарт ТоқаевЕлбасының өзіне де, оның қыздары мен күйеу балаларына да қызметтен босатқаныболмаса, басқадай күш көрсете қойған жоқ. К.Мәсімов, оның бірнеше орынбасарларықамауда жатса да, Қауіпсіздік Комиеті Төрағасының бірінші орынбасары болғанСамат Әбіш бостандықта жүр. Міне, осыған қарап, елдің арасында Президентті «ол әлі күнге шейін бұрынғының көлеңкесіндежүр» дейтін пікір ұстанушылар барекені белгілі. Бірақ, бұлай еместігі Президенттің Жолдауынан аңғарылды ғой.Қалай?
"Қаңтарға"дейін және "Қаңтардан кейін"дейтініміз секілді енді«Референдумға шейін» және «Референдумнан кейін» депсөйлесек те болатындай. Неге? Өйткені, референдумнан кейінгі Тоқаев мүлдембасқа Тоқаев. Ол өзінің биылғы Жолдауында Елбасының есімін бірде — бір ретауызға алған жоқ. Бұл тектен тек деймісіз? Сондай-ақ, осы тұста «ЖаңаҚазақстан» деген депутаттық топтың Астана атауын қайтару туралы талап қояқалуы қалай?
Астана атауын қайтаружәй ғана қаланы қайтадан басқаша атауемес, мұның астарында үлкен саяси салмақ жатыр. Көзінің тірісінде өзінеқойылған ескерткішті халықтың толқуы құлатқанын көрген Елбасыға енді есімін қалаатауынан алып тасталғанын көру оңай ма? Бұл біле білген адамға НұрсұлтанНазарбаевқа жасалған өте ауыр соққы. Референдумға шейін Елбасының таризхи ролінжоққа шығаруға болмайтынын елдің есіне өзі салып отыратын Қасым — Жомарт Тоқаевмұндай соққы жасауға неге барды екен? Нұркеңнің өзіненде бар, негізі кезіндеАстананы Нұр — Сұлтанға айналдырып керегі жоқ еді. Бірақ, Нұрекең кетіп баражатқанда жанындағыларды жинап алып, «Ертең мен кетемін, орныма Қасым — Жомарткеледі» деп өзінің шешімін жария еткені анық қой. Сол жиын үстінде«Ал, „Астананы Нұрсұлтан деп атайық“ деп қоймайтын едіңдер, енді қарсы емеспін» деп түпкі ниетінәзілді — шынды жеткізсе керек. Бұған «ләппай, тақсырлар» ләппайдемегенде қайтеді? Ал, сол жалпы шешімді жария ету жаңа Президентке жүктелетіні түсінікті. Бұл жерде «солатауды өзі ұсынып еді, енді алдыртып жатыр» деп Президенттің атына сынайтатындар баршылық. Олар мәселеніңқалай өрбігенін біле қоймайтын болар. Менің ойымша, Нұрекең қала атауынөзгертуге күнібұрын әзірленген. Қалайша? Айтайық.
ҚР «Тілтуралы» Заңының ҚР «Тіл»туралы Заңының «Ономастикажұмысының критерийлері» деп аталатын 25-5-баптың 5-тармақшасына 2017 жылғы5 мамырда өзгеріс енгізілді де, бұл бап «аса көрнекті мемлекет және қоғамқайраткерлерінің, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің және Қазақстан Республикасымен әлемдік қоғамдастық алдында еңбек сіңірген басқа да адамдардың есімдерінберу болып табылады» деп жазылды. Ал, соған шейін аталған баптыңтиісті тармақшасы «аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің,ғылым, мәдениет қайраткерлерінің және Қазақстан Республикасы мен әлемдікқоғамдастық алдында еңбек сіңірген басқа да жеке адамдар қайтыс болған күнненбастап кемінде бес жыл өткен соңолардың есімдерін беру болып табылады» делінетін. Не аңғардыңыз? Ия, 2017 жылғы 5 мамырда енгізілген өзгеріскесәйкес көшелерге, мектептерге және т.т. атау беру кезінде есімі ұсынылыпотырған кісінің өмірден өткеніне бес жыл толуы керекдейтін талап алынып тасталды. 2019 жылғы 26 желтоқсанда нақ осы бап тағы даөзгеріске түсіп, кемінде бес жыл өткенсоң беру деген талап қайтадан енгізіледі. Мұндайды қазақ «ешегі суданөткен соң» дейді. Сондықтан, Астананы Нұр — Сұлтанға айналдыру Қасым — ЖомартТоқаевтың бастамасы болған емес, ол тек ұжымдық ұсынысты жария етуші ғана.
Астана атауын қайтарсаҚаңтар оқиғасынан кейін іле -шала қайтаруға да болатын еді ғой. Талап сол кездеқойылып, кейін біртіндеп басылған еді. Ал, сол талаптың Жолдаудан соң қайтаданжарқ ете қалғаны Бірінші мен Екіншінің бұдан былай түйіспейтін жолдарға түсіпкеткендігінің ең басты айғағы деп ойлаймын. Әйтпесе, қала атауына тиіспесе де болатын еді.
Былайғы жұртқа байқалақоймайтын, бірақ, өте ауыр соққылар жасалып жатқанда Нұрсұлтан Назарбаевтың өзіболмаса да, оның айналасындағылар қарап қала ма? Әрине, әртүрлі әрекеттергебарады. Ал, олардың көпшілігі қазіргі Парламентте, Үкіметте өріп жүр. Біресе,жанар — жағар май, біресе, қант тапшылығы туындай қалуы тегін емес. Президенттің көптеген тапсырмаларыорындалмай қалып жатқаны да белгілі, ал, бұған кімдердің кінәлі екенінПрезидент білетін болуға тиісті. Биліктен шеттетілгендер қоса ғұмыры ештеңегекөңілдері толмайтын, өздерін өздері ғана оппозиция деп танитын да топтар бар.Олар да күн сайын дерлік шаужайдан алып,етектен тартып жатады. Қаңтар кезіндегі бүлікшілерге қарата айтылған«растрелять без предупреждение на поражение» деген сөзді қарапайымхалықты атуға берілген Бұйрық деп әдейі бұрмалайтындар, тіпті, шынымен де солайтүсінетіндердің де қарасы аз емес. Мұның бәрі де сайлау кезінде өзін жақтапдауыс бермейтіні анық.
Соның бәрін біліп, көріпжүрген Президент ең соңғы шабуыл алдында тұрған секілді. Не бел кетер, небелбеу кетер деген тәуекелге баруы да сондықтан. Әйтпесе, ол алдағы сайлаудыңөзіне қандай ауыр тиетінін білмейді емес біледі ғой. Әлдебір кесекті шаруаларғаіштей тастүйін бекінгендіктен ғана «Халықтың мандатын иеленудікөздегендіктен де осындай қадамға барып отыр. Президенттің кезектен тыс сайлаужариялауын басқаша түсіну мүмкін емес.
Қарашаның 20-сындасайлау өтеді. Қазірдің өзінде сайлау додасына түсетінін мәлімдеп ждатқансаясаткерлер шыға бастады. Олар өткен сайлаудағыдай елге танымалдығышамалы тұлғалар емес, кезіндекөпшілікті соңынан ерте білген белгілі саясаткерлер. Мысалы, СерікӘбдірахманов, Уәлихан Қайсаров… Бұлардан басқа ұқайраткерлер де атқа қонуымүмкін. Бұлар егер де, шынымен сайлауғатүсетін болса, Қасым — Жомарт Тоқаевқа сайлау тіпті де оңай соқпайды.
Президент сайлауынабайланысты үміткерге қойылатын талаптардың бірінде »мемлекеттікқызметтегі немесе сайланбалы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кемболмауы тиіс" деп көрсетілген. Осыған байланысты «негеқатардағы кез келген азамат Президентке үміткер бола алмайды, неге азаматтардыңсайлану құқығына шек қойылады?» деген сын бұрын да айтылатын, қазір деайтылып жатыр. Мұндай талап қойылған дұрыс деп есептеймін. «Ел басқару да- өнер» деген екен Ерден сұлтан. Ендеше, ел тізгінін ұстауға сәл де болсатәжірибесі бар азаматтардың ұмтылғаны дұрыс десек, аталған саясаткерлер сол деңгейден табылатын тұлғалар.
Біздің қоғамда ешқандайнегізі болмаса да "Қасым — Жомарт Тоқаев орысшыл, Путиннің қолдауыныңарқасында Президент болып отырған адам" дейтін құлаққа түрпідей тиетінжазғыру да бар. Ол кісі өзінің кім екенін Петербург форумында дәлелдеді.Украинаның атақты саяси шолушысы, журналист Дмитрий Гордон Қасым -ЖомартКемелұлының «ДНР, ЛНР» дегендер туралы айтқан сөзін «22 жыл бойы Тоқаевтан басқа әлемнің бірде — бір лидеріПутиннің қасында отырып, оның көзін бақыратып қойып, зал толы халықтың алдында оның бетін шапалақпен осып жібере алған жоқ» депбағалады. Ал, біз сол сөзді «Путин екеуі алдын — ала келісіп алыпайтқан» деп көбірдік — ау… Содан кейін Ресей Қазақстанның мұнай құбырыныңқасынан осыдан 80 жыл бұрын болған соғыс кезіндегі бомбалар тауып масқарасышықты е, мес пе? Күні кешегі Украинаның кейбір облыстарындағы жасандыреферендумдарды оның нәтижелеріне қарамастан мойындамайтынын Қазақстан бірденмәлімдеді. Ал, бұл Путинге ұнай ма? Мұны неге айтып отырмын? Өйткені, алдағысайлауда Тоқаевтың бәйгеден сүрінгеніне Путин де тілеулес болып отыруы әбденмүмкін.
Сонымен, алдағы сайлаудаҚасым — Жомарт Тоқаевтың тек қана халыққа сүйеніп отырғаны дау тудырмайды. Халық қолына тағы да мандат ұстатса, бұл жолыбарынша еркін қимылдайтыны күмәнсіз. Айтпақшы, бір адамның Президент болып бір ғана мерзімге сайланатыны туралы өзгерісте сынға ұшырамай қалмаған еді -ау. Бұған «негізінен бір адам өзініңқайтадан сайланбайтынын біледі де, жанын салып жұмыс істемейді, уақыт өткізудіғана ойлайды» деген пікір айту басым. Мұндайда ер ерлігін істеме елелдігін істейтіні есімізде болсын. Керісінше, сол бір мерзімге сайланған тұлғаөзіне екінші рет мұндай мүмкіндік берілмейтінін білгендіктен де бар күш —
қуатын, білім — білігін жұмсап халықа қызмет ететін болады. Өйткені, кім өзініңтарихта жақсы аты қалғанын қаламайды. Сайлауда жеңіске жетсе Қасым-ЖомартКемелұлы Тоқаев бұдан әрі Президент болмайтын адамның халыққа қалай қызмет жасайтынын өзі көрсетіп, кейінгілерге жақсы үлгі — өнегеқалдырып кететін болады.
Тоқаев Тәуекелге барды.Осыған шейінгі үш жыл ішінде бірталай нәрсе атқұарылды. «Көрмес түйені декөрмес» демекші, «түк істемеді» деп сөздің көбігін сапырыпжатқандар да баршылық. Басқасын айтпағанда, осыдан жеті — сегіз ай бұрынНұрсұлтан Назарбаевтың баласы іспетті Қайрат Сатыбалды 6 жылға сотталады дегенойымызға кіріп — шығып па еді? Соны көзіміз көріп отыр ғой. Бұл елдеауқымды өзгерістің жүріпе жатқанынайғақтай ма, жоқ па? Айғақтайды. Сол өзгерісті қоғамға алып келген Қасым —
Жомарт Тоқаевтың алдағы тәуекеліне халық болып қолдау таныта аламыз ба, жоқ па?Әрбір сайлаушы өз таңдауын әрине, өзі жасайды. Тек таңдау жасауға жеті ойлап қана барған дұрыс -ау…
Абдолла Дастанов.