ҰЛЫТАУ -ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЖДАНЫ. Ұлытау облысының әкімі Б.Әбдіғалиұлының "Қазақ әдебиеті" газетіне сұхбаты
«ҰЛЫТАУ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЖДАНЫ!»
Үш апта бұрын еліміздің саяси-географиялықкартасында жаңа әкімшілік құрылымдардың – Ұлытау, Абай және Алматы (БұрынғыАлматы облысының орталығы Талдықорған шаһарында орналасқан Жетісу һәм орталығыҚонаев қаласы болып бекітілген Алматыоблыстарына бөлінуі нәтижесінде!) облыстарының пайда болғаны баршаға мәлім.Қарағандыдай алпауыт аймақтан енші алып шыққан жаңа өңірдің басшысымен жекекабинетінде емес, жұмыс сапары барысында Қарағанды-Жезқазған тас жолыныңбойында жолықтық. Шалғайда орналасқанымен (65 км) Жезқазған қалалық әкімдігінеқарасты Теректі темір жол бекетіндегі жаңа мектептің «жырға айналған»құрылысының жай-жапсарын анықтау үшін түгел тараптардың басын қосып, ауқымдыдауды бағамдағалы барған ат үстіндегі азаматтың «Қазақ әдебиеті» апталығынабіршама уақыт бөле алғанын аз олжа көрмедік. Сонымен, «СЫРАЛҒЫ» айдарының бүгінгі кейіпкері – Ұлытау облысының әкіміБерік Әбдіғалиұлы.
–Берік Әбдіғалиұлы, армысыз?! Жаңа құрылған облыстың тізгінін алып жатқанжайыңыз бар. Әрине, шешімін күтіп тұрған шаруа көп. Алайда өзіңіз де өңірді өтежақсы білетін адамсыз ғой… Ұлытау ауданы мен Жезқазған қаласын басқардыңыз.Бүгінгі ең күрделі шаруа, негізгі мәселе неде болып тұр?
–Бармыз. Сіздергеде саулық тілеймін! Біздің облыстың жер көлемі үлкен әрі елді мекендердің арасыалшақ болғандықтан шешімін таппаған шаруалардың да шаш етектен екендігі жасырынемес. Тап осындай жағдай, менің білуімше, Абай облысында да орын алған.«Қызылорда-Жезқазған» тас жолын салып бітіру, «Жезқазған-Қарағанды» жолынкүрделі жөндеуден өткізу сияқты көлемді дүниелерден бөлек, ірілі-ұсақтыжергілікті мәселелер де жетіп-артылады. Қарағанды облысының әкімдігі бұлсұрақтармен түбегейлі айналыспады деуден аулақпын. Жеңіс Махмұдұлы«Қызылорда-Жезқазған» тас жолына қатысты жұмыстарды өзі тікелей қадағалап,барлық мәселелердің шешімін дер кезінде тауып та отырған болатын. Бұл жобаныңқаражаты бөлініп қойған уақытта бағалар күрт көтеріліп, құрылыс тоқтап қалғанеді. Дегенмен осы жол да, жобалық-есептік құжаттары дайын тұрған «Жезқазғандысапалы сумен қамтамасыз ету» бағдарламасы да жалғасын табады.«Жезқазған-Қарағанды» тас жолының дабарлық құжаттамасы дайын болып қалды. Аталмыш мәселелердің баршасына республикабасшылығы да барынша қолдау көрсетіп жатыр және өзіміз күні кеше бөлініп шыққанҚарағанды облысының әкімдігі де бейжайлық танытып отырған жоқ. Дербес өңірретінде аталған ауқымды жұмыстардан бөлек, қордаланған көптеген шаруалардыңшешімін табуымыз керек әлі де. Жалпы инфрақұрылымдық немесе коммуналдық сұрақтардыңлегі бірер күнде біте салатын сауалдардан емес қой. Жақын аралықта Жезқазған,Сәтбаев және Қаражал қалаларының, Ұлытау мен Жаңаарқа аудандарыныңәкімдіктерінің деңгейінде шешілетін дүниелермен қатар, облыстық, тіптіРеспубликалық маңызы бар мәселелермен айналысатынымыз анық.
–Ұлытауда өткен Ұлттық Құрылтайда осы айтқандарыңыздың біразын тілге тиек еткенекенсіз.Сол жиында «Қазақмыс» секілді алыптардың қайта тіркеуден өткізіліп,Ұлытау облысының қаржы қорын толықтыратындығы да сөз болған еді...
– Иә,«Қазақмыс», «Казцинк», «Арселор Миттал» қатарлы ірі корпорациялардың облыстатіркеліп, жергілікті салық базасының түсімдерін еселеп көбейтетіндігі сөзболған және сол айтылған шаралардың баршасы іске аса бастады. Түскен тиістітөлемдерді тиімді жұмсап, ауылдардың абаттандырылып, өсіп-өркендеуінежұмсауымыз керек. Бар мүмкіндіктерді жұмылдырып, ең негізгі мәселелерді шешугебағыттамақпыз. Әкімдік халықпен есептесіп, күрделі кезеңдерде, түйткілі көптұстарда бір-бірімізге ақыл қосып, күш біріктіріп отырсақ деген оң ниеттеміз.«Келісіп пішкен тонда келтелік» болатын ба еді?!
– Біз осысапар барысында Жаңаарқа, Қаражал, Жәйремді, тіпті, Ұлытаудың шалғай ауылдарынадейін аралап, халықтың шын қуанып жатқанын көзімізбен көрдік. Жергіліктіадамдардың өңір орталығының жақындап, өз қолдарының өз ауыздарына жетіпқалғандығынан марқайып жүргендігін, көп ізгіліктен үміттері барын байқадық.Бұрынғы Жезқазған облысының жартысына жуығын «жоғалтып» алғандарын айтыпжатқандар да болды...
– Бір нәрсенідұрыс түсінуіміз керек… Бұл қайта жаңғырған Жезқазған облысы дей алмаймыз,бұл – жаңадан құрылған Ұлытау облысы! Мұндағы басты сауал облыстың құрамындаекі аудан мен үш қаланың ғана болуында да емес. Жер көлемі жағынан бізреспублика бойынша бесінші орында тұрған өңірміз ғой. Халық санының аздығы, жеркөлемінің көптігі шешілуі тиісті мәселелердің басқа аймақтардан кемдігінкөрсетпесе керек. Ең алдымен Орталық Қазақстандағы ішкі көші-қонды реттеп,халықтың өңірімізден өзге жақтарға қоныс аударуын тоқтатуымыз қажет. Көп шаруаныңшешімін табуы да тікелей ірі өндірістік компаниялар мен өнеркәсіптік кешендергебайланысты болып тұр. Келешекте кен қорының кемуіне орай, бірқатаралпауыттардың ол өңірге қаражат құюға ықыласының азаятыны да айқын. Ал іргедеоблыс орталығы болып, ыңғайлы жағдай жасалса, бұл қадамдар инвесторлардың дақызығушылығын арттырары сөзсіз. Біз болашақта арнайы экономикалық аймақ құруарқылы, йа, өндірістің жаңа түрлерін ашып, аграрлық бағытты барынша дамытуғабаса назар аударып, өңіріміздің тұрақты өркендеуіне жол ашуымыз керек. Мыстыңсарқылу-сарқылмауы аймақтағы шешуші факторға айналмауы тиіс. Алдағы онжылдықтакүретамырларды – төрт тарапқа жалғастырып жатқан жолдарды жасап, әлеуетіміздітолық іске қосуымыз – шарт. Іргедегі «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбырының мүмкіндіктерін пайдаланып, неге мұнай өңдеукластерін қалыптастырмасқа?! Тас жолдар жасалса, темір жол үздіксіз жұмыс істептұрса, өнімді тасымалдау турасында да сұрақ туындамас еді. Металлургиямыздағынегізгі және қосалқы өнімдердің қатарын арттырып, өңдеу мен қайта өңдеусалаларын да назардан тыс қалдырмаған жөн. Елорда мен Алматыға қатынап тұрғанұшақтар, келер күндерде еліміздің әр түкпіріне бағыт алып жатса, құба-құп.Әлбетте, қасиетті Ұлытауды ұлықтап, төл тарихымыз бен рухани құндылықтардыәлемдік деңгейде насихаттау өте маңызды. Бірақ бұл бізге басты мақсатты –орталықта орналасқан облысымызды қарқынды түрде дамытуды ұмыттырмай, керісінше,заманауи ұлы көштен қалыс қалдырмай, қажыр-қайратымызды арттырып, қамшылапотырса керек!
– Жол үстінде бұрын бөлек аудан болғанЖездінің де тұрғындарымен кездесіп қалып, аз-кем әңгімелескен едік. Ол жақтағыағайынның да жеке шығуға қатысты алаң көңілдерін аңдадық. Ондай сүйіншілетержоспарларыңыз жоқ па еді?!
– Қателеспесем,бұрынғы Жезді ауданы аумағында 6-7 мыңдай адам тұрып жатыр. Мұншалықты азтұрғынға қаншама мемлекеттік құрылымдарды ашып, дербес аудан құруға рұқсат таберілмейтіндігі, мүмкіндік те шектеулі екендігі анық. Болашақта Ұлытауауданында халық саны артып жатса, ондай оңды шараларды жоспарлауға да болар.Тап қазіргі күн тәртібінде бұл мәселе тұрған жоқ. Әрине, облысымыздың жеркөлемі өте үлкен, бірақ, жаңа әкімшілік бірліктерді құруға 227 мың адам аздықетеді.
– Өз танымымдағы Ұлытау облысы –аса үлкенөнеркәсіп шоғырланған өлке ғана емес, аграрлық маңызы зор аймақ.Елімізде ешкедергіге қарамастан, озық шаруашылықтар қалыптастырып, тасын өрге домалатыпәкеткен азаматтар бар ғой.Сырдағы Нағи Ілиясов атындағы ауыл немесе ЖетісудағыБауыржан Оспановтың шаруашылықтары қандай керемет жетістіктерге қол жеткізгенінбілеміз. Бірақ бұндай үлгі тұтуға да, өнеге алуға да әбден лайықты мысалдардыңнасихатын қарық қылмайтынымыз да, үздік әрі бай тәжірибесінен үйреніп те жарытпайтынымыз рас. Ұлытау облысы бойыншаауыл шаруашылығын дамытуға және аграрлық саланың сан алуан өнімдерін шығаруғақатысты жоспарларыңыз бар ма?
– Әлбетте.Ұлытау мен Жаңаарқа аудандарының аграрлық әлеуетін толық игеруге бағытталғанкешенді шараларды жүзеге асырмақпыз. Күні ертең шаруалар өсірген малының етін,сауған сүтін өткізе алатындай кәсіпорындар керек болады. Қазір де олардыңқажеттілігі білініп-ақ тұр. Сол үшін де тез арада Жезқазғаннан ет комбинатын,Жаңаарқадан сүт өңдеу зауытын қосуымыз керек. Біздегі ауылдардың басымкөпшілігі мал өсіріп отырғандығын ескерсек, шаруаларымызға малдың басынкөбейтуге қажетті жағдай жасауымыз қажет. Таяуда фермерлермен кездесіп, олардыңкөкейінде жүрген көп сауалды тыңдадық. Енді сол айтылған дүниелерге құлақ асып,асырап отырған түліктерінің еті мен сүтін ғана емес, жүні мен терісін де тиімдібағаға өткізуіне, жем-шөптен, техникадан, тыңайтқыштан тапшылық болмауына баркүш-жігерді жұмылдыра алсақ қана оң нәтижелерге қол жетпек.
– Ертеректе көктем келісімен түстіктегі ағайындар Арқаға асығып, дархан даланы еркінжайлап, қара күзге дейін төрт түлікті осында бағып, жем-шөбін де осы жақтансайлап алатыны есімізде...
– Қазіршаруалар жем-шөпті ауылдарының іргесінен дайындауға бейімделіп алды. Тым алысқаұзамай, жақын маңды төңіректегенді тәуір көреді. Бұл күндері ауа-райы дабұрынғыдай емес, табиғат та қатты өзгерістерге ұшыраған. Сондықтан сіз айтыпотырған кезеңдер келмеске кетті десек те болар.
– Бір ғана Түгіскен ауылынан жеті мыңғажуық жылқының өріске шығатынын көзімізбен көрдік.Маңайындағы мекендермен қосаесептегенде, 20 мыңға жетеғабыл деген ақпарат алдық...
– Иә, ол –рас. Былтырғы мәліметтерге сүйенсек, Жаңаарқа ауданы бойынша ғана 85 мыңнанастам қылқұйрықты түлік тіркелген. Осыншама бас жылқының беретін өнімдерінтерең өңдеуді жолға қою оңай емес, әрине. Дегенмен тиісті мониторинг жүргізіп,жобалардың есеп-қисабын жасап жатырмыз. Болашақта дәл осы бағытқа басымдықберіп, аталмыш шаруашылықтың көкжиегін кеңейтіп, дәйім қолдау көрсетіпотырмақпыз.
– Берік Әбдіғалиұлы, өзіңіз тарихшысыз ғой.Бұрнағы қызмет жолыңыздан да, Мәжіліс депутаты болған кезіңізден дебілімділігіңіз бен біліктілігіңізді байқай алдық.Осы айдың он алтысы күніайтылған «Рәміздер алаңы» туралы тарқатып айтсаңыз...
– «Бұл жердебүкіл рулардың таңбасы тасқа жазылған. Сол арқылы бабаларымыз ұлт бірлігін көрсеткен.Қаныш Сәтбаев: «Еліміздің ту тіккен жері – Таңбалы тас!» — деген. Өкінішке қарай, қастерлі жазулар кейін әбденбүлінді. Ел азаматтары Ұлытауға ескерткіш қойып, тастағы таңбаларды жаңғыртты.Бірақ бұл жеткіліксіз деп ойлаймын. Мұнда қазақтың бірлігін әйгілейтін сәулеттінысан тұру керек. Мен Әулиетаудың етегінде мемлекеттік рәміздер алаңын ашудытапсырамын. Қасиетті өңірде көк байрағымыз асқақтап тұруы тиіс!» — деп,Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тапсырма берді. Ұлытаудыңрәміздік мәнінің өзі ұлттық тұтастық қой. Біздің бірегей ұлт ретінде бірігіп,мемлекеттік тұтастығымызды тасқа таңбалаған ескерткіштер бұрын да болғанытарихта бар. Түркістан облысының Созақ ауданымен шектесіп жатқан біздіңМибұлақтың жанында сондай байырғы жәдігерлердің бірі болған. Кезінде АкадемикМанаш Қозыбаев ол таңбалы тасты «Қазақтың Конституциясы» атандырған еді.Қазақтың әр жерге таңбасын сала бермейтінін білеміз, сірә. Ал мұндай тастардағыбарша рулардың таңбаларының болуы – Ел бірлігінің айғағы.
«Ұлт ұясы» атанған қасиетті жерді қаншаұлықтап жатсақ та, Ел Бірлігіне еңселі ескерткіштер тұрғызсақ та еш артықтығыжоқ, меніңше. Ақиқатын айтсақ, Ұлытау ұлтымыздың ұжданы емес пе?! Осыдан он жылбұрын Ұлытауда өзіміз қойған «Хан алаңы», «Абыз», «Халық» деген үшкомпозициядан тұратын ескерткіш те осы тарихи шындықтың реконструкциясыіспетті. Алдымызда осы ұлы ұғымдардың әлдеқайда көлемді үлгісін дайындауміндеті тұр. Сол замандардан күні бүгінге дейінгі рәміздеріміздің барлығынқамтып, ұлттық тұтастықты паш ететін ескерткіш орнату үшін алдымен лайықтыжерді ыңғайлап, содан кейін байқау жариялауымыз керек. Ол байқауРеспубликалық деңгейде өткізіледі.
– Есіңіздеболса, Жезқазған облысының барында Республика бойынша еш баламасы жоқ, бірнешежанрларды қамтыған «ҰЛЫТАУ ҮНІ» атты халықаралық фестиваль тұрақты түрдеөткізіліп тұратын. Тәуелсіздік алардан бір жыл бұрын басталған бұл фестивалдіңнегізін қалағанСағындық Қожамсейітов, Қабжан Досмақов әкелеріміз еді. ШынболатДілдебаев, Дүйсенбай Жұмасейітов, Мұқаш Сейітқазинов, Рамазан Сәттібаевағаларымыздан бастап, осы күні аттары елге мәлім әдебиет, өнер мен ғылым қайраткерлерінің біразын көпшіліккетанымал еткен де, үлкен жолға жолдама берген де «ҰЛЫТАУ ҮНІ» болатын («Қазақ әдебиетінің»Бас редакторы екеуіміз де сол сахнадан қанаттанғандар қатарынанбыз – авт.).Бүгінгі Ұлытау облысында сол ізгі іс-шараны, шынтуайтында, дүр дәстүрдіжаңғыртудың қажеттілігі бар ма?!
– Бұл кереметфестивальдің ұлттық руханиятымыз үшін керек екендігі талас тудырмаса керек.Бірақ бұндай игі бастаманы қолға алған соң өте жоғары деңгейде өткізбесек,көпшіліктің наразылығына қаларымыз хақ. Сондықтан қажетті қаражат мөлшерінесептеп, шығындарға да мейлінше ыждаһаттылықпен қарап, «ҰЛЫТАУ ҮНІН» ғана емес,өскелең ұрпаққа берері бар, халықтық сұраныстың үдесінен шығатын басқа дарухани-мәдени жобаларды іске асырамыз. Келешекте қазаққа қалтқысыз қызметқылатын талай талантты ұлдарымыз бен қыздарымыздың осы жерден өсіпшығатындығына сенімдімін. Төл әдебиетіміз бен руханиятымыздың қарашаңырағына айналғанҚазақстан Жазушылар одағымен тығыз байланыс орнатып, бірлесе жұмыс істеугемүдделі екендігімізді де реті келіп тұрғанда айта кетуіміз орынды болар.
– Бірер күн бұрын әлеуметтік желілерде:«Ұлытау өңірінің әкімі Берік Әбдіғалиұлы облыстық әкімдікке жаңа ғимаратсалудың ешқандай қажеттілігі жоқтығын атап өтті», — деген ақпарат тарады.Осыған қатысты алып-қосарыңыз бар ма?!
– Бұрын облысорталығы болған біздің қалаға ондай ғимарат салудың шынымен де қажеттілігі жоққой. Қалалық әкімдік қазір жөндеу жұмыстары басталған бұрынғы өз орнына барса,облыстық әкімдік те өзіне тиесілі мекенжайға орнығады. Біздегі республикалықмекемелердің жергілікті өкілдіктеріне, сот пен прокуратура сияқты құқық қорғауоргандарына жаңа ғимараттар салу керек шығар. Ол құрылыстарды да әрқайсының өзбасшылықтары жүргізіп, республикалық бюджеттің есебінен іске асырады. Біздіңміндетіміз сол нысандарға қажетті жер бөліп берумен шектелмек. Облыстықәкімдікке, оған қарайтын басқармаларға бұрыннан бар ғимарат жеткілікті. Оныңүстіне, біздегі аппаратта 251 адам ғана болатынын ескергеніміз ләзім ғой.
– Жезқазғанның басында елімізге танымалқаламгерлермен де кездесіп, пікір алмасқан едік.Кенжебай Ахметов, АхатҚұрмансейітов ағаларымның айтуынша, әлі сіздің аппаратыңыздың құрамы да бекітілмепті.Мәслихат хатшысы екеуіңіздің ғана қызметтеріңіз заңдастырылып, серіктесіп жұмысістеп жүр екенсіздер...
– Ол да рас,әлі аппараттың анықталмай, штат кестесінің бекітілмегендігі жасырын емес.Елордаға ұсыныстарымызды жіберіп, Президент Әкімшілігі тарапынан берілетінрұқсатты күтіп жүрміз. Тәртіп солай. Осы аптада ұсыныстарымыз құпталса,облыстық әкімдік қызметкерлері жұмысқа кіріседі. Алайда түрлі ұйымдастырушаралары да, негізгі шаруалар да тоқтап тұрған жоқ.
– Әзірге жаныңызда жүрген жігіттер тазаэнтузиаммен жүр екен ғой...
– Иә,энтузиазм да, жаңалық пен жақсы жобаларға жаны құмар жастықтың қызығушылығы дажеткілікті жігіттерде. Жұмысқа білек сыбана кіріскен азаматтардың, әрине,қалалық және аудандық әкімдіктердегі негізгі жұмыс орындары бар ғой. Екі-үшкүннің мұғдарында бұл мәселе де шешілуі керек. Өз орныма да облыс әкімініңміндетін атқарушы адамды тағайындап, Мәжілістегі қызметім бойынша есеп беріп,жұмыстарымды тапсырып келуіме әзір мүмкіндік болмай тұр.
– Мемлекет Басшысының «Абай, Жетісу жәнеҰлытау облыстарын құру» туралы Жарлығы сізге тосын шешім болды ма?Әлдеалдын-ала хабардар болып па едіңіз?Өзіңіздің жаңа өңірге әкім болатындығыңызжайлы білдіңіз бе?
– Тосын шешімболды. Ұлытау облысының құрылатындығынан да хабарсыз едім және көп ұзамай әкімретінде менің бекітілетіндігімді де білген жоқпын. Әрине, Алматы облысы жайлыайтылмағанымен, Ел ішінде Жезқазған мен Семейдің болашағы туралы талқылауларкөп болды ғой. Алайда Президентіміздің үш бірдей облысты құруға қатысты тезарада мұндай шешімдер қабылдауын күтпеген әрі сүйінішті жаңалық депқабылдағанымыз анық. Алда атқарылар қыруар шаруалар бар. Бізге артылған үлкенсенімді ақтап, жүктелген жауапкершілікті жоғары ұстауға ыстық ықыласымыздыарнап, бар күш-жігерімізді жұмсау серт болмақ.
– Ел ағасы ретінде Ұлытау өңіріне еренеңбек сіңіретін әділ әрі іскер әкім болатындығыңызға өңір тұрғындары да, жалпықазақ халқы да сенім артып отыр. «Қазақ әдебиеті» апталығының атынан біз де бұлжауапты қызметте абыройлы жетістіктерге жетіп, Елдің сүйіспеншілігі менқұрметіне бөлене беруіңізге тілектестігімізді білдіргіміз келеді.Сұхбаттасуғакеліскеніңізге бек рақмет!
– Сіздерге деосы жауапты кезеңде қолдау білдіріп жатқандарыңыз үшін алғыс айтамын.Мемлекетіміз көркейіп, Қазақстан өркендей берсін! Баршамыз бұл жолда аянбайеңбек етейік. Қазақ руханиятының қызметіндегі «Қазақ әдебиеті» басылымына датолағай табыстар тілеймін.
СұхбаттасқанАЛАШТУҒАН 21. 06. 2022 жыл
Алматы– Ұлытау – Жезқазған – Теректі – Жаңаарқа – Алматы
"Қазақәдебиеті" газеті, 01.07.22