shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ЖУРНАЛИСТЕР!

МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ЖУРНАЛИСТЕР!

АРҚАСЫНА АРТЫП АЛЫП АЛТЫНДЫ...

Журналист — деп жұрт таныған жалпы атпен, 

Ұрып алар кәсіп емес қалпақпен.

«Арқасына-артып алып алтынды,

Жүректерін жалғағандар жантақпен».

Бар оларды батырлар да дейтіндер, 

Бар оларды пақырлар да дейтіндер. 

Осылар ғой билікті алып Төртінші, 

Үш биліктен таяқты көп жейтіндер.

Болмау үшін жоғарыға кінәлі,

Амалсыздан көбі іштен тынады. 

Әрі жүрсе өгіздері өледі,

Бері жүрсе арбалары сынады.

Журналистер — жанкештілер жұртым дер,

Ұлтым десе бүйректері бүлкілдер.

Қыл көпірден қалай аман өтуді, 

Іштен оқып шыққан ғой шын, шіркіндер!

...Қоймас қоғам қадалғанын құл қылмай,

Журналистер, мың күн кедей, бір күн бай.

Аман-есен жүріңдерші, бауырлар, 

Өгіз де өлмей, арбаны да сындырмай!

Мұқағали СЕЙТҚАЗЫ 27.06.2017

07:13