shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА ПАРАҒЫ

ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА ПАРАҒЫ

Бекзат АЛТЫНБЕКОВ,

Қарағандыоблыстық мәслихатының депутаты,

«NurOtan» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, меценат

                                                                                    ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА ПАРАҒЫ

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, ЕлбасыНұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің жетекші партиясының болашағы үшін үлкеншешім қабылдады. Кеңес отырысында Нұрсұлтан Әбішұлы бұдан былай партияны ел Президентібасқару қажеттігін айтып, «Nur Otan» партиясының төрағасы өкілеттігін тапсыратынынжәне партия төрағасы лауазымын Қазақстан Республикасының ПрезидентіҚасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа беретіндігін мәлімдеді.Төрағалық лауазымдытапсыру-қабылдау барысы«Nur Otan» партиясының жарғысына сәйкес жүргізілетіні дебаяндалды.Бұл – «Nur Otan» партиясы алға қойған бастамалардың бірі «ұрпақтарсабақтастығы» принципінің іс-жүзінде орындалып жатқанының айқын көрінісі.

Бүгінгі таңда елімізде саясижаңғыру жұмыстары сәтті жүзеге асуда. Нұрсұлтан Әбішұлы «Nur Otan»партиясыныңіргесін қалап, қиын кезеңдерде тізгінін ұстаған әрі өзінің батыл шешімдеріарқылы партияны халыққа қызмет етуге бағыттаған саяси ірі тұлға. Ел Президенті,партиямыздың жаңа басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Nur Otan» партиясының тұңғыштөрағасы салған сара жолды жақсылықпен жалғап, жаңа белеске шығарады деп, бізкәміл сенеміз әрі әрдайым барынша қолдаймыз!

Бас партияның төрағалығынаМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың келуі ел Тәуелсіздігініңмерейлі 30жылдығымен тұспа-тұс келуінің тарихи мәні зор. Елбасы Нұрсұлтан ӘбішұлыНазарбаев отырыс барысында бірқатар елдік маңызы айрықша мақсаттарды,саяси-қоғамдық, ұлттық-рухани идеяларды ұсынды. Алдағы уақытта, осы бағыттағыжұмыстардың жемісті болуына баршамыз жұмылуымыз қажет.

Ел дамуының жаңа парағы, жаңа кезеңіқалыптасуда. Осы тұста, бүгінгі шешім жан-жақтыойластырылған, Қазақстанның жарқын болашағына бағытталған өте оңтайлы шешім депесептеймін.

13:27